021 жылдың 25 ақпанында М.Өтемісов БҚУ, педагогика факультеті ұйымдастырған «Шебер» атты қолөнер сайысы өтті. Мақсаты: студенттердің ептілік, икемділік, шеберлік қабілеттерін арттыру. Шығармашылық , бәсекелесу қабілеттерін дамыту, ойларын жинақтап қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Қыздар көйлек тігіп, Жігіттер Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап кереметтей суреттер салды. Бұл сайыста жігіттер мен қыздардың ұйымшылдықпен жұмыс жасауы ерекше көрініс болды.Қыздардың бірі мата қиып, бірі тігіп жатты. Жігіттер бірі суретті салып , бірі бояп, әрледі. Нәтижесінде, «Q- елі» тобы сурет салу жағынанда, көйлек тігу жағынанда ерекшеленіп жақсы ұпайға ие болды.
Қазақтың қолөнерін, асыл қазынасын жоғалтпай, әрі қарай дамытып, көне мұраларын тауып, оны жаңарту жастарымыздың міндеті.