«Серпіліс» зияткерлік сайысы өткізілді

    25 ақпан күні М.Өтемісов атындағы БҚУ, педагогика факультеті ұйымдастырған «Серпіліс» зияткерлік сайысы өткізілді.Мақсаты: студенттердің білімдерін жинақтап, тереңдету,шапшаңдыққа баулу, белсінділіктерін арттыру. Сайысқа  6 топ қатысты: DosLike ,Rhytm , Beri qara, Qyrandar,  Q- елі, Biz birgemiz. Алғашқы кезең топ басшылар сайысы болды. Түрлі тақырыптағы сұрақтар қойылды. Нәтижесінде «Rhytm» тобының топ басшысы 12 ұпаймен озып шықты. Келесі кезең «IQ» , студенттер түрлі эксперимент жасап өз танымдарын күшейтіп, логикаларын іске қосты. Осы сайыс барысында әр топтың ұйымшылдығы көрінді. DosLike , Qyrandar , Biz Birgemiz  топтары ең жоғары нәтиже көрсетіп қоржындарына  5 ұпайдан түсті.Ендігі шешуші кезең  «Жорға». Бұл кезеңде Абай 175 жылдығына, Тәуелсіздіктің 30 жылдығана, Университет тарихына байланысты сұрақтар қойылды. Командалардың білім дәрежелері осы сайыс арқылы көрінді.

    Жалпы қорытынды: Q- елі - 97 ұпай, Qyrandar- 76 ұпай , DosLike- 68 ұпайды қанжығаларына байлады.  

    Ақыл ой мен жүйріктікке баулыған сайыс студенттердің танымдық деңгейін көрсете білді. Сонымен бірге алған білімдерін сарапқа салды. Бірін-бірі тыңдай біліп, нақты жауапты ойланып айта білетіндіктері байқалды.

     

    Our address

    Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162,

    tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Stay in touch