2021 жылдың 23 маусым күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен «Балалар әлемі: теория және тәжірибе, серіктестік болашағы» тақырыбында онлайн семинар – кеңес өткізілді. Семинар-кеңестің мақсаты: «Балалар әлемі» - серіктестік жобасы бағдарламасының ортақ стратегиялары, талаптарының орындалуы мен негізгі идеяларын, болашақ жоспарларды талқылау, білікті мамандарды даярлау сапасын арттырудағы қажеттіліктерді анықтау.
Семинарға қатысушылар «Балалар әлемі» – серіктестік жобасы бағдарламасын тиімді жүзеге асыру жоспарын белгілеп, жұмыс берушілер мен сыртқы сарапшылар ұсынған жаңа талаптармен танысып жоспарды толықтырып, пән оқытушылары оқытудың тиімді стратегияларын белгілеп, озық тәжірибелерімен алмасты.
Семинарға арнайы шақыртырылған БҚО білім басқармасының орынбасары С.И.Темиргалиева, БҚО бойынша НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры, п.ғ.к., Л.В.Обыдёнкина «Дети XXI века. Как и зачем трансформировать стратегии обучения и содержание предметных знаний?», «Педагогикалық шеберлік орталығы» Орал қаласындағы филиалының тренері Г.Г.Капанова «Cабақты жоспарлауда 5Е құрылымын қолдану» және Л.Е.Абакиева «Мұғалімге қажетті кәсіби дағдылар», БҚО әкімдігі білім басқармасының Тасқала аудандық білім бөлімінің «Сәулет мектеп - лицейі» КММ-нің математика пәні мұғалімі, педагог – зерттеуші А.Т.Бисалиева «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі», Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші А.А.Нагиева «Құзіретті маман – жарқын болашақтың бастауы», Сырым ауданы, Бұлдырты орта мектебі директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші Д.Н.Избулатова «Ақпараттық білім беру ортасын құру жағдайында бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде АКТ-ны пайдалану», Ж.Досмухамедов атындағы орта мектеп-бөбекжай-балабақша кешені директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші М.Ғ.Бахитова ««Lesson Stady» оқыту мен оқу үдерісін жақсарту», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Э.К. Абдираимова «Развитие критического мышления как одна из основных целей современного образования», аға оқытушы, магиср Е.Х.Жақсылыков «Дене тәрбиесі сабағында оқытудың жаңа технологияларын енгізудің тиімді жақтары», педагогика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы, магистр Н.Е.Муканова «Күрделі тақырыптарды оқытудағы психологиялық қарым-қатынас рөлі», педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр С.Б.Калаханова ««Балалар әлемі» біліктілікті арттыру бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесі» тақырыптарында баяндамаларын оқып, семинар тақырыбы шеңберіндегі өзекті мәселелерді қозғап, өз тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар кеңеске университеттің әкімшілік және ПОҚ құрамы қатысты.