Университетімізде кәсіби-бағдар жұмыстары бойынша мектеп және колледж түлектеріне «Ашық есік күнін» ұйымдастырды 

    2022 жылдың 15 сәуірінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті мектеп және колледж түлектеріне «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Бағдарламада  90 жыл тарихы бар университетіміздің мүмкіндіктері мен келешек жастарға жоғары деңгейде білім беретін зәулім ғимараттың тарихымен таныстыру, сонымен қатар барлық мамандықтарынның оқу бағдарламаларымен танысып, бакалавриат бағыттары бойынша ақпарат алу, 2022 жылғы БҚУ-ға қабылдау шарттарымен таныстыру, қабылдау комиссияның қызметкерлерінен кеңес алу, ректорат пен факультет өкілдеріне сұрақтар қою.

    Ашық  есік күніне қала мектептерінен 50 шақты оқушы қатынасты. Оқушылар ғимаратты аралау барысында Робототехникаға кабинетіне жете тоқталды. Оқушылардың техника мамандықтарына қызығушылықтары артып, оқытушыны сұрақтың астына алды. Алдымен шараның ашылуы болды. Кейін факультет деканы Д.Б. Абулкасоваға, одан соң аға оқытушы, Л.Орловаға және  математика кафедрасының меңгерушісі С.Маутееваға сөз кезегі берілді. Сөз сөйлеу барысында түлектерді университетімізге оқуға түсуге шақырды. Информатика кафедрасы бойынша оқытушы З.Химеденова мен оқытушы, магистр Б. Насырова, оқытушы Е.Кубегенов қатынасты.

    Информатика кафедрасы

     

    Our address

    Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162,

    tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Stay in touch