«Білім мен тәрбие мекені» атты бейнеролик байқауының қорытындысы

    2022 жылдың 12 қазан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 90 жылдығына орай физика-математика факультетінде «Білім мен тәрбие мекені» атты бейнеролик байқауы өткізілді. Бейнеролик байқауының ережесі университет сайтында жарияланды. Байқау факультет студенттерінің мобилография саласындағы талаптарын анықтау, өнерлерін шыңдау, студенттердің университет тарихына қызығушылығын арттыру, IT технологиялар саласындағы дарынды студенттерді анықтау және ынталандыру, ақпараттық және компьютерлік технологиялар саласындағы шығармашылық қызығушылықты дамыту мақсатын көздеді.

    Байқауға 15-тен астам жұмыс тапсырылды. Әділқазылар алқасының шешімімен келесі студенттердің жұмыстары үздік болып танылып, дипломмен марапатталды:

    1 орын – 6В01505 Физика-информатика БББ студенті Елтаев Арынғазы;

    2 орын – 6В01518 Информатика-робототехника БББ студенті Мендешқызы Нурбақыт;

    3 орын – 6В06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету БББ студенті Турганбаева Фарида.

    Байқау жүлдегерлері дипломмен марапатталды.

     

    Our address

    Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162,

    tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Stay in touch