Грант иегерлерінің саны артты

    2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсының қорытындысы бойынша 628 талапкер 90 жылдық тарихы бар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне оқуға түсті. Өткен жылы 447 талапкер грант иегері атанса, биыл олардың қатары артқан.
    Оқуға түскен 628 талапкердің 403-і педагогикалық мамандықтарды таңдаған. Сондай-ақ, Махамбет университетіне «Қазақстан халқына» қорынан 10 және жергілікті атқарушы органдар тарапынан математика мұғалімдерін даярлауға 10 грант бөлінді.
    Жалпы саны 2407 талапкер университет арқылы 122 жоғары оқу орнына құжаттарын тапсырған болатын, олардың 1022-сі бірінші позицияда біздің университетті көрсеткен.
    Айта кетейік, Махамбет университетіне еліміздің 16 аймағынан талапкерлер оқуға құжат тапсырған. Мысалы, шет тілі:екі шет тілі мамандығы бойынша құжат тапсырған 42 талапкердің 20-сы өзге аймақтардан келген. Ал ақылы негізде білім алу үшін Ресей мен Өзбекстандық талапкерлер өз құжаттарын тапсыруда.
    Университетке құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

     

    Our address

    Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162,

    tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Stay in touch