“TORUS.KZ“ ЖШС IT-компаниясына экскурсия

    2023 жылдың 16 қараша күні информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау БББ-ның  оқытушылары ғылыми-әдістемелік семинар жоспарына сәйкес жобалау, жарнамалау және алға жылжыту бойынша сондай-ақ IT және бағдарламалау саласындағы қызметтердің кең ауқымын жүргізетін қаламыздың беделді IT- компаниясы TORUS.KZ  ЖШС-не экскурсия ұйымдастырды.  Экскурсияға 6В06103 Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету БББ-нің 3-курс студенттері де қатысты.

    Шараның мақсаты болып компанияның техникалық базасын демонстрациялау, IT және бағдарламалау саласындағы қызметтермен танысу көзделді.

    Бұл компанияның негізін қалаушы  Ғабдоллаев Д.Г. кафедра түлегі болып табылса, директоры Жүсіпқали Н.А. Ақпараттық жүйелер,  Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету БББ-ның  сарапшысы, жұмыс беруші,  продакт –менеджері (product manager)  Касымова А.Г. БББ студенттеріне «Компьютерлік бейнемонтаж», «Web және  мультимедиялық қосымшалар жасау» т.б. пәндерден сабақ беретін практик- оқытушы қызметін атқарып жүр. Сонымен қатар бұл компанияда информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау БББ-ның әр жылғы бітірген үздік түлектері Мухамбетов М.М. -3D модельдеу және web бағдарламалау бойынша техникалық директор, Жармуханбетова Ж.Б.-инженер- бағдарламалаушы болып қызмет атқарады.

    Экскурсияны тізгіндеген  Ғабдоллаев Д.Г. оқытушылар мен студенттерді алдымен компанияның техникалық базасымен таныстырудан бастады. Сонан соң  "Torus.kz" компаниясының соңғы жылдардағы атқарған бірнеше жоғары технологиялық жобаларын көрсетті. Атап айтсақ, экскурсияға қатысушы оқытушылар мен студенттер  "XXV Мәскеу халықаралық кітап көрмесі" жәрмеңкесі аясында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің XIX Халықаралық "Кітап өнері" байқауында Гран-при жүлдесін жеңіп алған қала әкімдігінің тапсырысы бойынша тарихшылармен бірлесіп дайындаған "Орал қаласының тарихы" атты алғашқы интерактивті кітабы, қала қонақтары мен тұрғындарына "TorusMaps"  бірегей интерактивті 3D-картасы,  Орал қаласының өлкетану музейі үшін дайындалған интерактивті дүңгіршектер мен голографиялық кешендер, М.Мәметова музейінде 3D - мэппинг технологияларын қолдана отырып дайындалған диорама, "Мұражай бойынша виртуалды саяхат" интерактивті дисплейі, Алматы қаласындағы ҚР орталық мемлекеттік мұражайына дайындалған  виртуалды промоутер т.б. үздік жобалармен танысып, олардың 3D нұсқасын экраннан демонстрациялады.

    Экскурсия барысында "Torus.kz" компаниясының жетекшісі мен оның мамандарының IT және бағдарламалау саласындағы қызметтері мен жетістіктеріне тәнті болған  информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау БББ-ның  оқытушылары  мен студенттері  үлкен әсер алып, алдағы уақытта "Torus.kz" ұжымына әлі де талай шыңдарды  бағындыра берулеріне шын ниеттерін білдіріп, риза болып тарқасты.

    Информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау БББ-ның
    ҒӘС-ның жетекшісі:   
    Ғ.Г. Мухамбетова

     

    Our address

    Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162,

    tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Stay in touch