Робототехника байқауының жүлдегерлері

    2024 жылдың 23-25 ақпан аралығында Астана қаласында «Central Asia First Championship» атты Орталық Азия елдері қатысуымен робототехника байқауы өтті. Бұл байқауға Біріккен Араб Әмірлігі, Гонконг, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен және Қазақстаннан 2 категория FLL Challenge (10-16 оқушылар) бен Tech Challenge (18 жастан жоғары жастағы студенттер мен магистранттар) қатысқан 200-ден астам команда өзара бақ сынасты. Соның ішінде 18 жастан жоғары санат қорытындысы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті физика-математика факультетінің «Toro D’oro» командасы Орталық Азия чемпионатында 104 команданың ішінен жүлделі 3-орын «Champion Award Finalist» арнайы аталымын жеңіп алды.

    3-орынды қанжығаларына байлаған 7М01535 Информатика білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары Қырықбаев Нұрбол мен Шымырханова Саяны, 6В01518 Информатика және робототехника білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері  Мендешқызы Нұрбақыт пен Иманғазиева Назеркені шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта команда мүшелеріне сәттілік тілей отырып, алар асуларыңыз көп болсын демекпіз!

     

    Our address

    Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162,

    tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Stay in touch