Discussion of projects of educational programs of advanced training courses for teachers

     

    «Балалар музыка мектебінде музыкалық-теориялық пәндерді оқытудың тиімді әдістері бағдарламасы»

    «Бастапқы әскери дайындық теориялық және практикалық негіздер бағдарламасы»

    «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру бағдарламасы»

    «AI-ді оқу үрдісінде қолдану»

    «Python бағдарламалау тілі»

    «Музыка мұғалімдерінің орындаушылық шеберлігі»

    «Инклюзивті білім беру тьюторы»

    «Тьютор инклюзивного образования»

    «Физика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру: жаңа білім беру парадигмасы»

    «Көркем еңбек бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру»

    «Құқық негіздері пәнін оқыту әдістемесі»

    «Кітапханалардың цифрлық трансформациясы: кәсіби құндылықтар мен көшбасшылық дағдылар»

     

    Discussion platform

    Post Message
     

    Captcha Image


    Азамат ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Көркем еңбек бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру
    • Керемет, мұғалімдердің дамуына үлке үлес қосатын білікті,білімді мамандарыңыз көп болсын...

    Thursday, 13 November 2025
    Бердіғали Жадыра ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): "Кітапханалардың цифрлық трансформациясы: кәсіби құндылықтар мен көшбасшылық дағдылар"

    Қазіргі заманның басты ерекшелігі – цифрлық технологиялардың өміріміздің барлық саласына енуі. Сол сияқты кітапханалар да бұл өзгерістен тыс қалмай, жаңа заман талабына сай цифрлық трансформация кезеңін бастан өткеріп отыр.

     

    Кітапханалардың цифрлық трансформациясы – бұл тек техникалық жаңару емес, ол кітапханашының ойлау жүйесінің, жұмыс тәсілінің және кәсіби мәдениетінің өзгеруі. Қазір кітапханашы ақпарат сақтаушы емес, ақпараттық кеңістікті басқара білетін, қоғамға бағыт беретін көшбасшы тұлғаға айналуда.

     

    Бұл үдерісте кәсіби құндылықтардың маңызы зор. Оқырманға қызмет ету мәдениеті, адалдық, сенімділік, білімге құрмет, адаммен қарым-қатынас орната білу – кітапханашы мамандығының алтын өзегі болып қала береді.

     

    Сонымен қатар цифрлық дәуір бізден жаңа көшбасшылық дағдыларды талап етеді. 

     

    Мысалы: заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру;

    инновация енгізуге ашық болу;

    командамен тиімді жұмыс істеу;

    қоғаммен байланыс орнатып, ақпараттық сауаттылықты арттыру.

     

    Бүгінгі кітапханашы – оқырманға жол көрсететі


    Wednesday, 12 November 2025
    Дюсенбиева Акзия Рамазанқызы: Кітапханалардың цифрлық трансформациясы:кәсіби құндылықтар мен көшбасшылық дағдылар"

    Қазіргі жас ұрпақ отаншылдықты бұрынғыдай тек ұраншылдық немесе жалынды сөзбен емес, нақты іспен дәлелдеуді құндылық деп санайды. Жаңа идея ұсыну, ғылым-білімге ұмтылу, технологияны меңгеру – бұл заман талабына сай патриотизмнің жаңа қыры.

    Кітапхана — білім мен ізденістің, жаңашылдық пен рухани дамудың ордасы. Сондықтан Мемлекет басшысының «жастардың басты күші – білім мен жасампаздықта» деген ойы біз үшін де үлкен бағдар болмақ. Кітапханашылардың міндеті – жастарға сапалы ақпарат ұсыну, олардың ғылымға, өнерге, технологияға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау. Президент айтқандай, өскелең ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басып келеді. Ендеше, біз кітапханашылар да осы ұмтылысты қолдап, білім алғысы келген әрбір жасқа сенімді серік болуға тиіспіз. Кітапхана тек кітап қана емес, ол — жастарды жаңа идеяға жетелейтін, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әлемдік өркениетке жол ашатын мәдени-ағартушылық орта.


    Wednesday, 12 November 2025
    Бегжанова Маншук ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): «Кітапханалардың цифрлық трансформациясы:кәсіби құндылықтар мен көшбасшылық дағдылар"

     

    Өте тамаша бастама! Цифрлық дәуірде кітапханашылардың кәсіби дамуы мен көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру – білім саласының маңызды бағыты.«Бағдарламада кітапханашылардың жаңа технологияларды меңгеруіне арналған нақты практикалық модульдер қарастырылса, тиімділігі одан әрі артар еді деп ойлаймын.»


    Wednesday, 12 November 2025
    Бекжан ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Физика курсы

    Жақсы курс болады деп сенемін, пайдалы ақпарат көп сияқты.


    Sunday, 09 November 2025
     

     

    Our address

    Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162,

    tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Stay in touch