Ғылыми-әдістемелік семинардың бекітілген жоспары бойынша «VN Video Editor қосымшасымен жұмыс жасау» тақырыбы бойынша тренинг өткізілді. Тренингке "Информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау" БББ оқытушылары қатынасты. Алдымен әдеттегідей презентация демонстрацияларды.
Жалпы VN – қолдануға оңай және ақысыз бейне өңдеу қолданбасы. Интуитивті интерфейс бейне өңдеуді қарапайым етеді, алдын ала білім қажет емес. Ол кәсіби және әуесқой бейне редакторларының қажеттіліктерін қанағаттандыратын кәсіби және жоғары сапалы бейнелер жасауға қажетті барлық мүмкіндіктерді ұсынады. Сонымен қатар VN video editor қосымшасы сіздің суреттеріңізді, бейнелеріңізді және музыкаңызды пайдаланып кәсіби бейнелер жасауға мүмкіндік беретін толыққанды бейне өңдеу қосымшасы болып табылады. Бұл бейне өңдеу бағдарламасы кәсіби редакциялау қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көп камералы өңдеуді және арнайы бейне эффектілерді қолдайды. Мұндай қосымшаның көмегімен сіз елестете алмайтын ең керемет нәтиже көрсете аласыз. VN Video Editor-да қолдануға болатын 5 оң жағына жете тоқталды. Олар: Кәсіби бейнелерді өңдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету құралы (Профессиональное программное обеспечение для редактирования видео), негізгі кадр функциясы (Функция ключевого кадра), эффекттер мен сүзгілердің түрлері (Разновидности эффектов и фильтров), аудио құралдар (Аудио инструменты), файлдарды экспорттау (Экспорт файлов).
Бейнелеріңізге өзіңіздің фондық музыкаңызды және саундтректеріңізді қосу арқылы дыбыстық эффектілерді бейне биттерімен синхрондап, нақты белгілеп, аудио клиптердің ұзақтығын реттей аласыз. Сіз өзіңізге керемет нәрсе жасағаннан кейін, TikTok, SnapChat-та немесе инстаграмм, фейзбук, твитор, ватсап сияқты әлеуметтік желілерге өз туындыларыңызбен бөлісе аласыз. VN бейне редакторын жүктеп алу Android, iPhone, iOS, ПК үшін де толық пакет қарастырылған.
Тренингіміз әрі қарай өз жалғасын тапты, креативті ойлау мақсатында «Әлеуметтік желілерлердің пайдасы мен зияны» тақырыбында креативті матрица әдісі қолданылды. Креативті матрица - бұл әр ұяшық екі түрлі категорияның қиылысы болатын тор. Бұл көптеген идеяларды қалыптастыру, айқас тозаңдануды ынталандыру, тақырыптар қиылысатын жерде жаңа шешімдер табу және дәстүрлі ойлаудан алшақтау үшін миға шабуыл жасау тәсілі болып табылады. БББ оқытушылары өз ойларымен бөлісті.
Содан кейін миға шабуыл барысында топтық жұмыс жүргізілді. Топты екі топқа бөліп әртүрлі тақырыпта түрлі-түсті картинкалар үлестірілді. Тапсырма картинкаларды көре отырып альфавит бойынша топтастыру болды.
Трениг соңында қосымша сұрақтар қойылып, ғылыми-әдістемелік семинардың жетекшісі аға оқытушы Гайнеш Гумаровна өз алғысын білдіріп, тренинг өз мәресіне жетті.
"Информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау" БББ оқытушысы, магистр
Насырова Б.С.