«2020 жылдың үздік мақаласы» номинациясы иегерлері

    Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Республикалық «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығының «Ұлы Дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы «Қазақстан педагогтарының 100 үздік мақаласы: білім, ғылым, әдістеме» атты республикалық байқауын жариялаған-ды. Халықаралық ғылыми басылым аталған байқау аясында «Рухани жаңғыру: тәрбие және білім», «Жаңартылған білім мазмұны», «Ұлы даланың жеті қыры», «Педагог мәртебесі туралы» Заңының тұжырымдары» тақырыптарында ғалым-педагогтардың, мұғалім-тәрбиешілер мен әдіскерлердің үздік ғылыми-әдістемелік мақалалары, баяндамалары мен эсселері қабылданды.

    d1d2d3d4

    Осы республикалық байқауға университетімізден қатысқан «Рухани жаңғыру» институтының директоры, п.ғ.д., профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы мен Дана Шакуова, Гүлдана Сұңғатова, Орал Абатұлы сынды әріптес шәкірттері тарапынан ұсынған «Рухани жаңғыру: жаңа ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулу ісі», «Адам мақсатына рухани жағынан өз-өзін жетілдіру арқылы жетеді» тақырыбындағы екі мақаласы да аталған конкурстың «Үздік мақала» номинациясы бойынша І орынға ие болып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Үздік авторлар ретінде конкурсқа қатысушылардың әрқайсысына ағылшын тілінде материалын растайтын сертификат, арнайы диплом, Алғыс хат, «100 үздік автор» арнайы номинациясы, Халықаралық журнал басылымы табыс етілді. Енді ғалым-ұстаздардың еңбектері жарияланған мақалалар жинағы ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты университеттерге, білім басқармаларына, білім бөлімдеріне, кітапханаларға және өзге де білім беру ұйымдарына таратылатын болады. Әріптестерімізді республикалық байқау жеңімпаздары болуымен құттықтаймыз! Әр күніңіз мағынаға толғай! Саушылықта болғайсыз! Жаһан жұртшылығын әбігерге салған індеттің бетін әрі қылғай! Бірге болайық!

     

    Азиза Сүйінішқалиева

    22.04.2020 ж.

     

    Our address

    Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162,

    tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Stay in touch