Форум выпускников

    Post Message
     

    Captcha Image


    Гулнара Ыбырай ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): тілек

    Ең керемет шақ,студенттік кезеңіміздің дәл осы университетте өткені үшін қуанамын. Әсіресе достық ордасына айналған, Болашағымыз бен жаңа ортамыздың қалыптасуына, жаңа мүмкіндіктерге бастаған“Мәдениет және өнер” атты факультетімізге алғыс білдіремін! Осы орайда бізді нағыз кәсіби маман болуға даярлап, тәлім мен тәрбиені қатар ұштастыра берген "Музыкалық білім" мамандығының оқытушыларының еңбегін айтпасқа болмас, Барлығы үшін мың алғыс!


    Thursday, 20 May 2021
    Ақтілек Рамазанова ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Тілек

    Асқақ арманның жетегіне еріп келгенімде құшағын жая қарсы алған қара шаңырақ!Қызығы мол студенттік шақтардың жарқын естеліктерін сыйлағаның үшін рахмет!

    Тұлға болып қалыптасып, білімімізді шыңдауға септігін тигізген Мәдениет және өнер факультетінің оқытушылар құрамына алғысым шексіз!! 

     


    Thursday, 20 May 2021
    Замарад ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Тілек

    Көркейе бер, білімді ұрпақ көбейе берсін. 2002 жылдың ақпан айында қолымызға диплом алған едік


    Thursday, 20 May 2021
    Зердегүл ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Алғыс

    М.Өтемісов атындағы БҚУ - бәсекеге қабілетті, мықты кадрларды тәрбиелеп шығарған білім ордасы. Осы университетте алған біліміміз арқылы қазіргі таңда абыроймен еңбек етіп келеміз. Педагогика факультетінің түлегімін. Н.Назарбаев атындағы шәкіртақы иегерлерінің қатарында болып,  талай білім додоларында топ жардық. Барлық ұмытылмас, ең қызықты студенттік шақтың куәгері еткенің үшін, көкірегі ояу, білімді етіп тәрбиелегенің үшін, адалдық пен ашықтықты үйреткенің үшін, рахмет саған БҚМУ-ым! Өсе бер, өрлей бер!

     


    Thursday, 20 May 2021
    Айбар ХАЙЫРХАНОВ ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): УНИВЕРСИТЕТІМЕ!

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ң түлегі ретінде, мені білім нәрімен сусындырып, қанаттандырған жоғарғы оқу - білім қара шаңырағыма шексіз алғысымды білдіремін. Мен оқыған кезде, маған сабақ беріп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп және шығармашылығымның бастапқы баспалдағын нық сеніммен басуыма мол септігін тигізген ардақты ұстаздарыма бас иемін, сондай-ақ қадірлі де аяулы, Университіміздің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелері жөніндегі ректор орынбасары Дәрішева Түймеш Малбағарқызына ерекеше рақметімді айтамын! 

    Құрметпен:

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ң, Мәдениеь және өнер факультеті "Вокалдық ән салу" мамандығы бойынша 2008 жылғы түлегі Айбар Асқарұлы Хайырханов.


    Thursday, 20 May 2021
     

     

    Our address

    Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162,

    tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Stay in touch