Абай шығармашылығы насихатталды

    29.01.Абай 175 Қараша айының 8-жұлдызында Тарих, экономика және құқық факультетінің Есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушысы Э.Н.Баудиярова мен Есеп және аудит мамандығының 4-курс студенттерінің ұйымдастыруымен қазақ халқының Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Абай мұрасы – ұрпаққа ұлағат" атты танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың негізгі мақсаты - Абай өмірі мен шығармашылығын студенттерге насихаттау және студенттердің әдеби сауаттылығын арттыру.Шараға Есеп және қаржы кафедрасынан "Жалын", Қазақстан Республикасының  тарихы кафедрасынан "Телқара", Дүниежүзі тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасынан "Дана тұлғаның дара ұрпақтары", Экономика және менеджмент кафедрасынан құрылған "Хәкім" командалары қатысты. Қатысушылар Абай өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, Есеп және аудит мамандығының 3-курс студенті Г.Айболатова шараны бимен әрлесе, Тарих мамандығының 2-курс студенті Н.Бурамбай өз шығармашылығымен көрермендерді тәнті етті. Сайыс қорытындысы бойынша Дүниежүзі тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасынан құрылған "Дана тұлғаның дара ұрпақтары" командасы I орынды, Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасынан құрылған "Телқара" командасы II орынды, Экономика және менеджмент кафедрасынан құрылған "Хәкім" командасы III орынды қанжығасына байлады. Ал Есеп және қаржы кафедрасынан құрылған "Жалын" командасына "Алғыс хат" табысталып, командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.   

                                                                                                  Хадиша Қойланова,

                                                                                                                                                     Есеп және аудит мамандығының IV курс студенті

     

    УНИВЕРСИТЕТ ФАКУЛЬТЕТТЕРІ

     

    «ЖОО үздік оқытушысы - 2025» байқауы

    «ЖОО үздік оқытушысы - 2025» байқауы

    Байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.

    Университет бойынша байқауға қатысушылар

    Хажгалиева Гульнар Хабдолкакимовна
    Хажгалиева Гульнар Хабдолкакимовнапедагогика ғылымдарының кандидаты, PhD доктор
    Сейтенова Салима Сагиновна
    Сейтенова Салима Сагиновнапедагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

     

     

    Brandbook

    Брендбук (ағл. brand book) — бренд тұжырымдамасын сипаттайтын компанияның ресми құжаты, ...

    БҚУ студенттерінің мінез-құлық ережелері

     

    ҚР БҒМ ресми Telegram-арнасы

     

    Экологиялық мониторинг

    қоршаған ортаның жай-күйін кешенді бақылау, ...

     

    Волонтёр

    – бұл адамдарға өз еркімен ақысыз көмек көрсететін адам, ...

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз