Қоғамдық даму департаменті
2017 жылды сәуір айының 12-сінде сәуірінде қоғамдық өмірде ерекше орын алған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және2018 жылы қараша айының 21-інде «Ұлы Даланың жеті қыры»атты бағдарламалық мақалалары жарық көргені мәлім. Бағдарламалық мақалалардағы негізгі бағыттар мен арнайы жобаларды орындау бойынша қоғамда кең көлемді жан-жақты жұмыстар бастау алды.
Осы тұрғыда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде де жоспарлы және кешенді жұмыстар ұйымдастырылуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай оқу орнымызда арнайы тұжырымдама дайындалып, негізгі бағыттар бойынша жоспарлы жұмыс атқаруға арналған «Жол картасы» қабылданды. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп ұйымдастыру мақсатымен 2017 жылдың қыркүйек айында университет жанынан «Рухани жаңғыру» институты ашылды. Институттың алғашқы директоры болып т.ғ.д., доцентӘсет Сембайұлы Тасмағамбетов тағайындалды. Ал 2019 жылғы қаңтар айынан бастап, «Рухани жаңғыру» институтының директоры ретінде п.ғ.д., профессор Абат Сатыбайұлы Қыдыршаев бекітілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағ,ы жұмыстың маңызды кезеңі – оның мақсаттары мен маңыздылығын студенттер қауымына кеңінен жеткізіп түсіндіру. Осы орайда университетте кең көлемді ақпараттық және ағартушылық қызмет атқарылуда. Әр айға сәйкесті университетте мақаланың бағыттары мен нақты жобаларына қатысты арнайы жэұмыс жоспары нақтыланып,сол жоспардың орындалуы бойынша тиісті тараптарға тұрақты есеп берілуде. Әр ай сайын университетте арнайы медиа-жоспар дайындалып, медиа-жоспардың орындалуы бойынша тиісті тараптарға тұрақты есеп берілуде. Мысалы осы уақытқа дейін бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) университет профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, магистранттар және студенттердің қатысуымен 300 мақала, бағдарламалар мен сұхбаттар жарық көрді.«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы оқу орны порталының басты бетінде, факультеттер сайтына орналастырылды. Әлеуметтік желілерде Бағдарламаға қатысты арнайы ақпарат пен соған сәйкес атқарылып жатқан жұмыс жөніндегі мәліметтер тұрақты түрде берілуде. Мақаланың негізгі ойлары мен басым бағыттарын іске асыруды көрнекі құралдармен насихаттау мақсатында, университеттің оқу ғимарттарында, акт залдары мен кабинеттерде көрнекі ілінімдері (стенд) әзірленіп, университеттің жаңалықтар топтамалары мен LED – экран арқылы видео және көрнекі ақпараттар жүйелі берілуде. Арнайы «Рухани жаңғыру» мәжіліс залы жабдықталды.
Сондай-ақ, бұл қоғамдық Жобаны іске асыру ғылыми-әдістемелік және қолданбалы-тәжірибелік жағынан да қамтамасыз етілуі қажет. Осы бағытта БҚМУ-да көптеген әр деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялар (20), дөңгелек үстелдер (40), семинарлар (15) және тағы басқа ғылыми-әдістемелік шаралар оздырылды. Бұл тұрғыдағы маңызды бағыт ретінде ғылыми-әдістемелік мақалалар жариялап, монографиялар мен оқу құралдарын дайындауды қарастыруымыз қажет. Рухани жаңғыру бағдарламасына қарасты осы есепті кезеңде 300-ге жуық ғылыми-әдістемелік мақала және 20-нан астам монография жарық көрді.
«Рухани жаңғыру» институтының мақсаты – Қазақстан Республика-сының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларындағы негізгі бағыттар бойынша ой таразылап, тарихи сананы жаңғыртудың ірі жобаларынақатысты кешенді жоспарлы жұмыстар жүргізу.
«Руханижаңғыру» институтының міндеттері:
- студент-жастар ортасында патриотизмді қалыптастыру;
- рухани құндылықтарды бағытында тәрбиелеу;
- жеке адами қасиеттерді насихаттау;
- ғылыми, танымдық және тәрбиелік шараларды бағыттау.
Мекен-жайы: Н.Назарбаев даңғылы 162 үй, 211 кабинет;
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Тел: 8 (7112) 51-37-82
"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" институты қызметкерлерінің құрамы: