Бөлім жетекшісі - Кажиахметов Салауат Абайевич
Мекенжайы: Орал қаласы, Студенттік к. 1, №8 оқу ғимараты, 413 кабинет
Телефон: 8 (7112) 50-94-44
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мақсаты: оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру, факультеттер мен кафедралардың жоғары білікті мамандар дайындау бойынша оқу жұмыстарының барлық түрлерін үйлестіру.
Қызметінің негізгі бағыттары:
- кафедралар және факультет деканаттарымен, ЖОО-нан кейінгі дайындық бөлімімен бірге оқу үрдісін жоспарлау және үйлестіру;
- кафедралардың білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс оқу жоспарларын құрастыруына бақылау жасау;
- МЖМБС сәйкес апталық жүктеме нормасын сақтап, оқу сабақтарының түрлері мен оқу деңгейі бойынша кестелерін, бакалавриат және магистратура бойынша емтихан сессиясының кестелерін құру және бекіту:
- ПОҚ тарапынан оқу сабақтарының, емтихандардың кестеге сәйкес өткізуіне бақылау жүргізу;
- ПОҚ пен кафедралардың оқу жүктемелері есебінің (айлық, жартыжылдық, жылдық) орындалуына бақылау жасау;
- тестілік тапсырмалардың базасын жасақтау;
- емтихан сессияларын ұйымдастыру және өткізу;
- бөлім жоспарына сәйкес университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына арналған оқыту семинарларын ұйымдастыру мен өткізу.
Қызметкерлер








