


Білім беру бағдарламаларының жобалық кеңсесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің мамандары үшін лауазымдық нұсқаулықтарға және бөлімшелер туралы Ережеге сәйкес жұмыс істейді.
Мақсаты:
білім беру бағдарламаларын әзірлеу, өзектендіру, жетілдіру, енгізу
Міндеттері:
- Университетте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
- модульдік білім беру бағдарламаларын жобалау, әзірлеу және жетілдіру;
- бакалавриат және магистратура бойынша силлабустар базасын қалыптастыру;
- элективті пәндер каталогын құруды бақылау;
- университет ПОҚ үшін оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу;
- университеттің сапа саласындағы саясатын жүзеге асыруға қатысу.
Мекен-жайы: Орал қ., Студенттік көшесі 1, №8 ғимарат, 201-кабинет