Бөлім жетекшісі: Кульжумиева Айман Амангельдиевна
Сапа және аккредиттеу бөлімі М. Өтемiсов атындағы БҚУ-нiң құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін бөлімнің жұмыс жоспары және университеттiң сапа саласындағы саясаты негізінде жүзеге асырады.
Миссиясы: Жоғары оқу орнын басқарудың тиімді жүйесін құру.
Мақсаты: М. Өтемiсов атындағы БҚУ-нiң сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіру және сапа саласындағы саясатты іске асыру.
Міндеттері:
- құжаттаманы жұмыс жағдайында ұстау;
- ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізу;
- түзету іс-әрекеттерінің орындалуын бақылау;
- Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингісіне қатысу үшін университет құжаттарын дайындау;
- сыртқы бағалау рәсімдерін жүргізу (аккредиттеу, лицензиялық талаптарды және білім беру саласындағы заңнаманы сақтау);
- сапаны қамтамасыз ету Комитетінің және университеттің сараптамалық комиссияларының жұмысын бақылау;
- бөлімше жетекшілеріне кеңестер беру;
- СМЖ саласында оқыту семинарларын өткізу.
Мекен-жайы: Орал қаласы, Аманжолов көшесi, 38; кабинет 15 және 20
Телефон: 8 (7112) 26-03-82, 50-41-51