Коммерцияландыру орталығы

    Ермеккалиев Тарас Сериккалиевич
    Ермеккалиев Тарас Сериккалиевичорталық жетекшісі

    Орталық университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ҒТҚН қорғау және коммерцияландыру саласында өз қызметін жүзеге асырады.

    Орталықтың мақсаты университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларының ҒТҚН коммерцияландыру мақсатында ҒЗТКЖ нәтижелерін өндіріске енгізу және қорғау бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру болып табылады.

    Орталықтың негізгі міндеттері:

    1. ҒТҚН коммерцияландыру саласындағы факультеттер мен ғылыми бөлімшелердің жұмыстарын жоспарлау, үйлестіру және мониторингілеу;
    2. Маркетингтік зерттеулер жүргізу және оны коммерцияландыру мақсатында өндіріске ҒТҚН енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
    3. ҒТҚН коммерцияландыру үшін қаржыландыру көздерін іздестіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
    4. Университеттің басқа ғылыми-зерттеу мекемелерімен және өндірістік кәсіпорындармен, ҒТҚН коммерцияландыруды қолдаудың халықаралық ұйымдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және үйлестіру;
    5. Университет ғалымдары мен қызметкерлерін ҒТҚН коммерцияландыру негіздеріне, зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша оқыту және т.б.

    Мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы 162, 101 кабинет

    Телефон (раб.): 8 (7112) 26 - 06- 25

    E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз