Көптілділік

    Халықаралық қатынастар және көптілділік бөлімі көптілді және ағылшын, түрік топтары студенттерінің, сондай-ақ ағылшын, түрік тілінде сабақ жүргізетін университет оқытушыларының тілдік дайындығына көңіл бөледі. Шетелдік мұғалімдерді тарту және олардың студенттермен және университет оқытушыларымен жұмысын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

    2018 жылы БҚУ-да 15 шетелдік ғалымдар жұмыс істеді, олардың 6-ы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Шетелдік ғалымдарды оқытуға тарту» бағдарламасы бойынша шақырылды және олардың ішінде Польша Республикасынан топ менеджер, филология ғылымдарының докторы, профессор Банчовска Анна Катаржина (Сурет 1) 2018 жылы көптілділік институтын басқарған.

    2016 және 2017 жылдары Оңтүстік Кореядан келген ғалым-доктор Чжон Хюн Ли көптілділік институтының директоры қызметін атқарған (Сурет 2). 2019 жылдан бастап көптілділік институты Интернационалдандыру орталығымен біріктірілді. Кейіннен бұл құрылымдық бөлім 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Халықаралық байланыстар және көптілділік бөлімінің құрамында. Қазіргі таңда ХБжК бөлімінде 4 қызметкер бар: ХБжК бөлімінің жетекшісі PhD (философия докторы) Зубков Владислав Сергеевич, әдіскер Серікқалиева Зарина Нұрболатқызы, кеңесші-аудармашы Хохлачева Елена Сергеевна, кеңесші-аудармашы Сагидуллиева Сандугаш Саматовна.

    Польша Республикасынан келген топ-менеджер, ф.ғ.д., профессор Банчковска А.К.
    Оңтүстік Кореядан келген доктор Чжон Хюн Ли

    БҚУ студенттеріне ағылшын және итальян тілдерін оқыту мақсатында 2019 жылдың қыркүйек айында шет тілдер кафедрасына Италиядан шет тілі маманы,  филология магистрі Элена Секондо (Соренто қ.) шақырылды. Университетте көптілділік бағдарламасын дамыта отырып, бөлім қызметкерлері Fulbright бағдарламасының стипендиаты Эмили Симстың (Джорджия штаты, АҚШ) келуін ұйымдастырды, ол университетте 2020 жылдың қаңтар айынан бастап шет тілдер кафедрасында ағылшын тілінің ерікті-ассистенті ретінде жұмыс істеді.

    Халықаралық байланыс және көптілділік бөлімі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында технологияларды коммерциализациялауға арналған кеңселер/трансферттер гранты аясында ғалымдар мен университет қызметкерлерін ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізді. Тілді меңгеру деңгейі бойынша 6 оқу тобы құрылды: 2- Elementary, 2- Beginners, 1- Pre-Intermediate и 1- Intermediate. Сабақтарды өткізу үшін Филиппин Республикасынан IELTS 8,0 және одан жоғары сертификаттары бар ағылшын тілі оқытушылары тартылды (Сурет 3).

    Филиппин Республикасынан келген оқытушылар
    Ағылшын тілі курстары

    Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттерін ағылшын тіліне оқыту шеңберінде, оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде пәндерді үш тілде оқытуға көшу, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, сондай-ақ магистратура мамандықтары бойынша оқуды жалғастыру мақсатында, IELTS емтиханын тапсыруға дайындық, көптілді топтардың студенттері арасында ағылшын тілін білу деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылғы қыркүйек пен 2020 жылғы маусым аралығында келесі мамандықтардың 200 студенті ағылшын курстарына қатысты: химия, биология, экология, физика және химия, математика және информатика (Сурет 4). 2019/20 оқу жылының қорытындысы бойынша 40 студент CEPT халықаралық сертификаттарына (Сурет 5) ие болды, оның ішінде Advanced деңгейі де бар. 2020-2021 оқу жылында «Coursera» (Сурет 6) және 70 студент пен 18 оқытушы қатысқан «EduCare» (Сурет 7) онлайн курстары ұйымдастырылған болатын, кейіннен курсқа қатысушылар сәйкесінше халықаралық сертификаттарға ие болды.

    М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті 2021 жылдан бері Түркия елінің озық университет профессорларымен келісімшарт негізінде университет оқытушылары мен студенттеріне арнап “Түрік тілі” курсын оқытып келеді. Атап айтсақ, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Гази университетінің магистрі Гульсун Ероглу “Түрік тілі” сабағын жүргізеді. Аптасына 5 рет оқытушылар мен студенттерге арналған түрік тілін үйрету курсы өткізіледі. 

    2023 жылы Неаполь қаласынан Шығыс университетінің профессоры Лоренцо Пуббличи екі жақты келісімшар негізінде 4 апта көлемінде студенттерге сабақ жүргізді. 18.10.-15.11.2023 аралығында Ұлы Казмир университетінің профессоры Кристиан Оболевский келіп, дәріс оқыды.

    Ұлы Казмир университетінің профессоры Агнежка Камык-Ваврищук 18.10.-15.11.2023 аралығында 5В010200, 6М010200 – Бастауыш сынып педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламаларына дәріс және практикалық сабақ жүргізді.

    CEPT халықаралық сертификаты
    «Coursera» сертификатының үлгісі
    «EduCare» сертификатының үлгісі

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз