Біздің университет облысымыздағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны және аймақтағы оқу-ғылыми орталықтың бірі болып табылады.
Еліміздің ірі мәдени-өнеркәсіптік аймағына жататын Орал өңірі тарихымен тығыз байланыста дамып келе жатқан Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәртебесін ерекше мақтан етеміз.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ерекшелігі – бір ғасырға жуық шежірелі тарихи жолы бар. 2012 жылы оқу ордасының құрылғанына 80 жыл толғалы отыр.
Бұл жылдарда университетіміз барлық республика, облыс көлемі бойынша көптеген даңқты есімдерді тізімге енгізді. Университетіміз Қазақстанның батыс өңірінің ғылым, білім, мәдени, экономикалық дамуына қосқан өлшеусіз үлесін зор мақтанышпен айта аламыз. Университетіміздің қабырғасынан білім алған 65 мыңнан астам жоғары білікті мамандар – баға жетпес мұрамыз, кәсіби-рухани байлығымыз. Университет түлектері арасынан танымал саясаткерлер, ғылыми қызметкерлер, жетекшілер жұмыс жасайды. Атап айтсақ: ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі – Б.С. Әйтімова, Елорда – Астананың әкімі, саясаттану ғылымдарының докторы, БҚМУ-дың құрметті профессоры – И.Н. Тасмағамбетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты – Ж.Ш. Кәкішов, Екі мәрте Кеңес одағының батыры, ұшқыш – Л.И. Беда, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің архивтер мен құжаттарды басқару комитетінің төрағасы – Р.К. Сариева, ҚР Парламентінің бұрынғы сенаторы, жазушы – Э.Г. Ғаббасов, Татарстан Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы – Р.И. Нафигов, КСРО ҒА Поволжье археологиялық институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы – Б.Железчиков, ҚазССР Ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – А.Д. Тайманов, ҚР Парламанті мәжілісінің депутаты – Е.И. Тарасенко, биология ғылымдарының докторы, профессор – Е.А. Ағелеуов және т.б.
Қоғам мен саяси, ғылым мен мәдениет саласындағы көрнекті тұлғалар университеттің құрметті профессорлары: Е. Мүсіреп, А. Бақтыгереева, Қадыр Мырза Әли, И. Тасмағамбетов, Ә. Дінішев, Т. Мұсабаев, Т. Шамелов, А. Амонашвили, М. Бисенғалиев, Крис Крейкер, Б. Ізмұхамбетов.
Бүгінде аймақтағы ірі білім және ғылым ордасы – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті өз тарихын, озық дәстүрлерін сақтаумен қатар, әрдайым даму, жетілу үстінде. 2004 ж. желтоқсанында университет халықаралық сапа сертификатын ИСО 9001-2000 алды.
2005-2010
2005 ж. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстанның бірінші жоғары оқу орындарының қатарында болып «SPI Алтын белгісінің» лауреаты атанды (Париж, Франция); 2006 ж. 16 қыркүйегінде университет пен Болоньяда (Италия) Еуропа елдерінің білім беру жүйесін үндестіру мақсатында Магна Хартия құжатына қол қойылды. 2006-2007 ж.ж. университет «Бірлескен Еуропа» (Оксфорд, Ұлыбритания) және «Еуропалық сапа» (Оксфорд, Ұлыбритания) халықаралық марапатына ие болды; «Ұлттық экономика көшбасшысы» халықаралық премиясына (Ресей, Мәскеу); Астана қаласында өткен «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» атты ІІІ және IV халықаралық көрмеде «Интеграцияланған оқу бағдарламаларын талдауға және өндіріске енгізуге қосқан үлесі үшін», «Жоғары оқу орындарының ең үздік басылымы» дипломдарымен марапатталды, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне ҚР Президентінің «Алтын сапа» премиясы табыс етілді.
2009 ж. ресейлік «Рейтор» тәуелсіз агенттігінің қорытындысы бойынша М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті әлемге танымал 500 университеттің ең үздіктер қатарына енген Қазақстанның 7 жоғары оқу орындарының бірі.
2011 жылғы ҚР ЖОО рейтингісіндегі орны Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін және білім беру жүйесінің сапа көрсеткішін айғақтайтын рейтингі нәтижесі бойынша үздік ондық қатарында.
Университеттің мамандануы көп салалы. Университет құрылымында 53 бакалавриат (күндізгі, сырттай), 24 магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары бойынша мамандар дайындайды.
Студенттер контингентінде білім алушылардың жалпы саны бакалавриат бойынша – 4640. Оның ішінде 1279 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша грант бөлімінде, 3361 студент ақылы бөлімде білім алуда.
Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамында 20 ғылым докторы, 15 профессор, 163 ғылым кандидаты, 84 доцент, 73 магистр қызмет атқарады.
М. Өтемісов атындағы БҚМУ ҚР-ның ЖОО арасында ең алғаш рет әлемдік білім кеңістігін құруға бағытталған Болон декларациясына қол қойды. Декларацияның принциптерін жүзеге асыра отырып, біздің оқу орнымыз халықаралық мойындауға талпынып және аккредитациялық институттардың, түрлі білім бағдарламаларының аккредитациясынан сүрінбей өтуге тырысуда. Ұлттық Аккредитациялық Орталық кеңесінің 2010 жылдың 30 маусымдағы шешімімен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті институталды аккредитациядан сәтті өтіп, бүгінгі таңда халықаралық аккредитациядан өту дайындығында.
Батыс Қазақстан облысының жоғары білім беру жүйесіндегі аталмыш оқу орындарының арасында ғылым мен инновациялық білім беру технологиялары, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша үздіктердің бірі деп танылуда. Оқу орнының жоғары білікті ғылыми-педагогикалық ұжымы өз қызметінде білім беру үрдісін үнемі жетілдіріп отырады.
Университет құрамында: экономика және басқару факультеті, мәдениет және өнер факультеті, педагогикалық, филологиялық, жаратылыстану-математикалық факультеттері және тарих және құқық факультеті, колледж, қоғамдық ұйымдар жұмыс жасайды. Студенттік өзін-өзі басқару, жастар қоғамдық бірлестігі, студенттер театры қызмет етеді. Студенттердің КТК ойындары, слеттері, дебаттары, турнирлері дәстүрлі түрде өтіп отырады.
Жабдықтама
М. Өтемісов атындағы БҚМУ оқу-білім және материалдық базасымен осы заманға сай толық жабдықталған: 8 оқу ғимараты; оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары; Батыс аймағының оқу орнына арналған ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылатын 1 млн. астам кітап қорын құраған ғылыми кітапхана; 9 оқу залы, оның ішінде, электронды зал, компьютерлік кешен, интернет және мультимедиалық кластар, оқу телеарнасы, заң клиникасы, спорт сарайы, экология және биогеохимия сынақ зертханасы, баспа орталығы, университет мұражайының бес филиалы, балет залы, тігін және зергерлік шеберхана, студенттік асханалар мен кафе, жатақхана, Шалқар өзенінің демалыс аймағы.
Біздің оқу орнында табиғи экожүйесі бойынша, педагогика мәселелері және Қазақстан тарихы бойынша ғылыми мектеп қалыптасқан.
БҚМУ Спорт клубында салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқарып жүрген спорттың 17 түрінен университеттің 500 студенті 17 секциясымен бірлескен. Жыл сайын профессор-оқытушылар құрамы арасында спорттың 5 түрінен спартакиада оздырылып отырады, спорттың 12 түрінен БҚМУ студенттері республикалық универсиадаларға қатысады.
Рейтинг
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті алыс және жақын шет елдерінің жоғары оқу орындарымен халықаралық қарым-қатынасты нығайтып, дамытуда. Бүгінгі таңда университет Германия, АҚШ, Испания, Италия, Түркия, Қытай, Ресей, Украина, Грузия, Литва, Әзірбайжанның ЖОО-мен ынтымақтастықта 30 келісімшарт жасады.
2005 жылдан бері БҚМУ және Волгаград мемлекеттік университетінің студенттері өзара тәжірибе алмастырып отырады. Осы жылдан бастап университет өз тарихында алғаш рет Түркия, Қытай, Германия шет елдерінің студенттеріне есігін айқара ашты. Университет өзінің халықаралық қызметі аясында халықаралық білім беру мекемелерімен және ұйымдарымен тығыз ынтымақтасады.
Университет әріптестерінің қатарында ОАУ (Венгрия), ДААД (Неміс академиялық алмасулар қызметі), British Council (Британдық Кеңес), «Билим – Орталық Азия» корпоративті білім беру фонды, Италия – Қазақстан Ассоциациясы, университеттердің Еуропалық Ассоциация, Қазақстандағы Әлем Корпусы, REGENA Орталық-Азия жоғары оқу орындарының Ассоциациясы, «Ресей және ТМД-дағы білім және экономикалық зерттеулер консорциумы», «EdNet» білім беру мекемелерінің Ассоциациясы бар.
Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша соңғы жылдары университет өкілдері: 7 бакалавр, 2 магистр, 2 Ph.D-докторы мамандықтары бойынша Чехия, Түркия, Германия, Канада елдерінде білім алуда.Университет «Темпус» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізуде. Саратов мемлекеттік университеті және Украина елдері университеттерімен бірлесе отырып, ТМД елдері университеттері үшін арнайы бағдарлама дайындауда.
Қазіргі таңда білім ордасы Қазақстанның педагогикалық білім саласының бір флагманы болып табылады және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, әр салаға талапты, кең бейінді мамандарды дайындау үстінде.