Ғылыми кітапхана

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми кітапханасы - Қазақстандағы ең көне университеттік кітапханалардың бірі - университеттің мақтанышы: миллионнан астам бірегей қоры бар, 200-ден астам мерзімді басылымдарға жазылады.

    Кітапхана университеттің оқу үдерісіне айтарлықтай үлес қосады, пайдаланушыларға кітапханалық ресурстары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлерінде ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

    БҚУ ғылыми кітапханасы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалары коллекцияларының иегері. Сирек кездесетін кітаптардың қоры «Революцияға дейінгі дейінгі Ресейде жарияланған энциклопедия», Ресей мемлекетінің тарихы, әмбебап өмірбаян жзинақтары, «Пушкиниана», «ЖЗЛ» сериясы және көне славян әдебиетінің ескерткіштері түпнұсқадағы жинақтардан тұрады.

    БҚУ ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен бірге (ҚР БҒМ РҒПК) алғаш рет М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің базасында 2019 жылдың 10-11 қазанында «ЖОО кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа формалары» тақырыбында жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандарының халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

    Ғылыми кітапхана - ақпараттық-білім беру орталығы.

    Кітапхананың ақпараттық қызметінде негізгі қызмет түрлері:

    - интернет-қызметтер; мультимедиалық басылымдардың электронды базасы;

    - сирек көздерді сандық қалпына келтіруі; өзінің электрондық ресурстарын құруы;

    - электрондық каталог, электрондық оқу залы;

    - виртуалды кітап көрмесі;

    - ғылыми кітапхананың интернет-сайтты- http://library.wku.edu.kz/;

    - библиографиялық көрсеткіштерді шығару;

    - A2 форматындағы План Скан A2ВЦ 600 түсті кітап сканері;

    - «ИРБИС 64» кітапханалық бағдарламасы;

    - кітап қорын ашық қолжетімділік шарттарында сақтау үшін құжаттарды таңбалау, пайдаланушыларды анықтау және келушілерді тіркеу, сондай-ақ кітаптарды кодтау және түгендеу үшін ұялы RFID станциясы;

    - электрондық оқырман билеті;

    - Web of Science, Springer Link, Sсіеnсе, Еlsevier, роlpred.соm, Лань шетелдік дерекқорларға қол жетімді;

    - Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапханасымен (РМЭБ), ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, еLLRRARY.RU (РИНЦ) Ғылыми электронды кітапханасы, «МҰҒТО» АҚ Бірыңғай электрондық кітапханаларымен бірлесіп жұмыс істейді;

    - қаланың және БҚО кәсіптік, техникалық және білім беру мекемелерінің кітапханалары үшін әдістемелік орталық.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз