Әкімшілік

    Басқарма төрағасы - ректор

    Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Басқарма төрағасы - ректор, биология ғылымдарының кандидаты, профессор

    Қабылдау уақыты:       сәрсенбі, 15.00-17.00

    Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы 1969 жылы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Тасқала ауылында қарапайым ауыл мұғалімдер отбасында дүниеге келген.
    1985 жылы Белоглин орта мектебін бітіріп, сол жылы Орал ауылшаруашылық техникумына оқуға түсті.1989 жылы техникумды үздік бітіреді. 1989 жылы К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясына “Аграномия” мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1994 жылы аталған оқу орнына гроэколог жоғары кәсіби біліктілігі бойынша үздік аяқтайды. 1994 жылы Жалпы ресейлік ҒЗИ-дың тыңайтқыш және агротопырақтану бөлімінің күндізгі аспирантурасына түсіп, аспирантураны сәтті аяқтап, биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алып шығады.1998 жылы аспирантураны тәмамдап, туған жері Орал қаласына оралады. 1998 жылы тамызда еңбек жолын Батыс Қазақстан агротехникалық университетінде аға оқытушылықтан бастап, кейін кафедра меңгерушісі, агробизнес және экология факультетінің деканының орынбасары, ғылыми зерттеу институтының директоры, университеттің Ғылыми ісі жөніндегі проректоры сынды қызметтерді атқарды. 2014-2017 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агратехникалық университетінің ректоры болып қызмет етті.
    Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы биология бағытындағы 150-ден астам ғылыми мақалалардың, сондай-ақ микробиология, ихтиология, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша 5 патенттің авторы.
    2015 жылы Қазақстанда бекіре балығының өндеу мен өндірудің ғылыми-техникалық негіздері және инфрақұрылымын құру бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
    Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы төмендегідей мемлекеттік марапаттар, құрметті атақтар мен көтермелеулерге ие:
    2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталған;
    2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министерлігінің “Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында жеткен жетістігі және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін” Құрмет грамотасымен марапатталған;
    2007 жылы “ЖОО үздік оқытушысы” мемлекеттік грантының иегері;
    2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министерлігінің “Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері”, ал 2010 жылы “Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапатталған;
    2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі, білім жүйесін жетілдіруді дамытуға және көп жылдық еңбегі үшін”алғыс хатымен марапатталған;
    2015 жылы “Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл” мерейтойлық медалімен, сондай-ақ осы жылы Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
    Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысатын және өзіндік ұстанымы бар азамат. Ол облыстық маслихаттың депутаты, “НұрОтан” партиясының мүшесі, аң аулау және балық шараушылығы алқаптарын табиғатты пайдаланушыларға бекіту мемлекеттік комиссиясының мүшесі, сондай-ақ “НұрОртан” партиясының аграрлық сұрақтар бойынша тұрақты төрағасы, “Рухани жаңғыру” қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы жобасын жүзеге асырумен орындалуы бойынша БҚО эксперттік комиссиясының төрағасы; БҚО бойынша субсидияларды бөлу бойынша мемлекеттік комиссиясының мүшесі, облыстық бюджет негізінде ЖОО-ға гранттарды бөлу комиссиясының мүшесі, сонымен қатар Оралқаласы №7 жалпы орта мектебінің Қамқорлық Кеңесінің мүшесі және “Облыстық клиникалық аурухананың” шаруашылық Бақылау кеңесінің мүшесі сынды қоғамдық жұмыстарды атқарады.
    Отбасылық жағдайы: үйленген, 2 баланың әкесі. 

    Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор

    Кайсагалиева Гульжахан Смаиловна

    Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор, биология ғылымдарының кандидаты

    Қабылдау уақыты:     сәрсенбі, 15.00-17.00

    Мекен-жайы: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162.

    Телефон: 8(7112) 51-41-63

    Факс: 8(711) 51-35-19

    Пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Миссиясы: Білім нарығында бәсекеге қабілетті, білімді, жаңа заманға сай мамандарды дайындауға үлес қосу.

    Мақсаттары: Оқу үрдісін жоспарлау, үйлестіру және жедел басқару, еңбек нарығы және жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып кәсіби мамандарды дайындау ісінің сапасын арттыру;

    Қызметтің негізгі бағыттары:

    - аумақтың экономикалық, әлеуметтік, өндірістік саласына қажет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті маман даярлау;

    - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтардың, ғылым мен тәжірибе жетістіктерінің негізінде жоғары кәсіби жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (университет колледжінде), жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, докторантура) білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;

    - студенттерді кәсіби сараманнан өткізу және жұмыспен қамту саласында білім беру басқармаларымен, орта жалпы білім беру мекемелерімен, аймақтық ұйымдармен, мекемелермен университет арасында қарым-қатынасын дамыту;

    - университет кафедраларының филиалдарының қызметі арқылы «Білім беру-ғылым-өндіріс» қарым-қатынасты нығайту мақсатында қызметті реттеу, сараманның барлық түрлерін сапалы ұйымдастыру, еңбек нарығын зерттеу және университет түлектерін жұмыспен қамту ісіне үлес қосу;

    - барлық оқу түрі студенттерінің оқу үлгерімі мен білім сапасына бақылау өткізу, факультеттер мен кафедралардың оқу үрдісін ұйымдастыру қызметін бақылау, сынақ-емтихандық сессиялар мен білім алушылардың мемлекеттік аттестациялауды дайындау және өткізу кезінде кафедра жұмыстарын оперативті қадағалау;

    - оқытудың барлық түрлері бойынша сабақ кестесін бекіту (соның ішінде магистратура), стандарттарға сай апталық жүктеменің сақталуын қадағалау, мамандықтар бойынша оқу үрдісінің графикке сай орындалуын қадағалау, ПОҚ-ның оқу сабақтарының, кураторлық сағаттар мен емтихандардың кестелерін бұзбауларына бақылау жасау;

    - бағалау саясатын реттеу, оқытылған кредиттер және жиналған бағалармен білім алушының академиялық рейтингісі (GPA) туралы ақпаратты бақылау;

    - академиялық лектерді құру, аналитикалық және статистикалық есеп беру, студенттерді ауыстыру, оқудан шығару, қайтадан оқуға қабылдану және қайта оқыту жөніндегі бұйрықтарды шығару ісіне бақылау жасау;

    - университеттің қабылдау комиссиясы мен аймақтағы білім беру мекемелерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарының ұйымдастырылуы мен үйлестірілуі.

    Құрылымына келесі бөлімдер кіреді:

    1. Академиялық қызмет департаменті
    • БББ жобалық кеңсесі
    • Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі
    • Офис тіркеуші
    • Студенттерге қызмет көрсету орталығы
    • Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

    2. Маркетинг және кәсіби бағдар орталығы

    3. Жаңартпашылық технологиялар және цифрландыру департаменті

    • Ақпараттық технологиялар орталығы
    • Әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімі

    • Қашықтықтан оқыту орталығы

    • Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығы. 

    Басқарма мүшесі - Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

    akhmedenov
    Ахмеденов Кажмурат Максутович
    Басқарма мүшесі - Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, география ғылымдарының кандидаты, профессор

    Қабылдау уақыты:     бейсенбі, 15.00-17.00

    Мекен-жайы: қ. Орал,  Н.Назарбаев даңғылы, 162 ,208 каб
    Телефон: 8(7112) 50-34-77
    Факс: 8(7112)
    Міндеті: Жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жоғары оқу орнының сапалы білімін және тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми білім мен өндірісті біріктіру негізінде үздіксіз дамыту.
    Мақсаттар: Экономиканы әртараптандыруға және елдің тұрақты дамуына ғылымның қосқан үлесін арттыру
    Негізгі қызмет түрлері:
    1. Университеттегі  профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін тиімді орындау және ғылыми-зерттеу бастамаларын іске асыру үшін  қажетті жағдайларды жасау арқылы ғылыми-зерттеу қызметін дамыту саясатын жетілдіру.
    2. Философия докторларын (PhD), республикалық және шетелде, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқу ғылыми тағылымдамадан өту, университет мамандықтары бойынша магистрлер дайындау негізінде ғылыми әлеуетті дамыту.
    3. Гранттық, бағдарламалық-нысаналы, шаруашылық келісім және ішкі университеттік жобалар негізінде педагогикалық, физика-математикалық, биологиялық, тарихи, химиялық, географиялық, филологиялық, экономикалық, техникалық ғылыми бағыттары бойынша, еліміздің басым мемлекеттік бағдарламалары мен университеттің стратегиялық құжаттарына сәйкес фундаменталды (іргелі), қолданбалы, инновациялық, іздестіру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыру.
    4. Университет ғалымдары мен ғылыми-зерттеу бөлімдерінің қажеттіліктерін ескере отырып, ғылыми-техникалық базаны жаңарту және кеңейту.
    5. Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және әлеуметтік серіктестерімен, көршілес аймақтармен пәрменді ынтымақтастық жүргізу арқылы тәжірибеге дипломдық жұмыстарды және магистрлік диссертациялардың нәтижелерін, сондай-ақ,  стартап жобалары  түріндегі нәтижелерді рәсімдеуді енгізу.
    6. Өзекті жобаларды жүзеге асыру және гранттық, салалық министрліктегі  бағдарламалық-нысаналы байқауларға,  шаруашылық жүргізуші субъектілердің тендеріне, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу, қатысу негізіне, сондай-ақ, ғылымды дамыту,  бизнес-ортаны тарту арқылы, бірлесіп қаржыландыру тетіктерін кеңейту жолымен ғылыми зерттеулерді  іске асыруға тартылған қаржы құралдарының көлемін ұлғайту.  
    7. Мақалалар, монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар түріндегі университеттегі профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметі нәтижелерін рәсімдеу бойынша жұмысты  күшейту  және оларды оқу үрдісінде пайдалану.  
    9. Әлемдік ғылыми кеңістікке біріктіру үшін импакт-фактор халықаралық рейтингтік ғылыми басылымдарда университет ғалымдары мен қызметкерлерінің (оқытушыларының) жарияланымдар санының өсуін қамтамасыз ету.
    10. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде ғалымдардың авторлық құқық объектілері мен патент құқықтарын мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәліктерді алу негізінде университет ғалымдары мен қызметкерлерінің (оқытушыларының) ғылыми жобаларының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау.
    11. Университет қызметкерлері мен ғалымдарының кәсіпкерлік сауаттылықты дамыту арқылы ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, өндірісте шаруашылық келісім-шарт жобаларының нәтижелерін енгізу, лицинзиялық келісім-шарттар және өнім негізінде кәсіпорындар мен мекемелерде ғылыми-технологиялық жобаларды беру және сату, сондай-ақ стартап жобаларын жүзеге асыру.
    12. Оқу үрдісінде ғылыми-ізденіс және зерттеу сипатындағы  тапсырмаларды белсенді пайдалану, студенттік ғылыми бірлестіктерді тиімді ұйымдастыру, гранттық, бағдарламалық-нысаналы, шаруашылық келісім және ішкі университетаралық жобалар шеңберінде ғылыми зерттеулерді орындауға тарту, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми-шығармашылық олимпиадаларға, байқауларға, конференцияларға, форумдарға, съездерге және т. б. қатысуды қамтамасыз ету арқылы білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту.
    13. Университеттің ғылыми-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру және ынталандыру жүйесін дамыту мақсатында профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелердің  тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын және ғылыми-зерттеу нәтижелілігінің рейтингісін жасау және жүйелі негізде мониторинг жүргізу. 
    Құрылымы (бөлімдері немесе қызметкерлері):
            1. Коммерцияландыру кеңсесі
            2. Ғылым және халықаралық қатынастар кафедрасы
            3. Экологиялық биогеохимия сынау зертханасы
            4. Ғылыми кітапхана
            5. Редакциялық-баспа орталығы

    Басқарма төрағасы орынбасары – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор

    Сулейменов Мерген Қуанышұлы

    Басқарма төрағасы орынбасары – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, мәдени-тынығу жұмысы ғылымының магистрі

    Қабылдау уақыты:     сейсенбі, 15.00-17.00

    Мекен - жайы: Н.Назарбаев даңғылы 162, №1 ғимарат, 213 кабинет

    Телефон: 8(7112) 51-51-90

    Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Миссиясы: кәсіби біліктілігі жоғары, рухани-адамгершілік тұрғысынан жетілген кәсіпқой мамандарды даярлау.

    Мақсаттары мен міндеттері:

    - қазіргі қоғамның талаптарына сай, жан-жақты қасиеттерді бойына жинақтаған болашақ маман тұлғасын қалыптастыру; 

    - еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандарды қалыптастырудың нақты әрі жастар үшін қолжетімді моделін құрастыру. 

    Жоғары оқу орнының әлеуметтік-тәрбиелік саясатының негізгі бағыттары:

    1. Жастар саясаты;

    2. Әлеуметтік – мәдени орта;

    3. Университет әлеуетінің корпоративтік патриотизмі.

    Бөлімдер:

    - Тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім;

    - Жастар даму орталығы;

    - Спортклуб;

    - Мұражай;

    - Дәрігерлік бөлімше.

    Университеттің студент жастары білім алу кезінде тұлғалық қалыптасудың бірнеше сатысынан өтеді. Өзін-өзі тану, өзін-өзі мойындату және өзін-өзі жетілдіруде құзіреттіліктерін қалыптастырады. 

    Тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім студенттерді алауыздықтан бойларын аулақ ұстауға, деструктивтік діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұруға, діннің қоғамда алатын орны мен рөлін дұрыс ұғынуға, мемлекеттің тілдік және этносаясат бағыттарын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіп келеді.  

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы – маңызды шаралардың бірі. Жоспарланған барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілуде. 

    Университеттің профессор-оқытушылар ұжымы оқу ордамыздың 80 жылдық мерейтойын нақты нәтижелермен қарсы алып, стратегиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға мүдделі.

    Ректор көмекшісі

    Torehan

    Ректордың жалпы мәселелер жөніндегі көмекшісі - Дүйсенбаев Төрехан Ерсайынұлы

    Мекен-жайы: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 162

    Телефон:8(7112) 26-03-81

    E-mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Факс:+7 (7112) 51 26 32

    Ұялы тел.: +7 778 338 91 05 (WhatsApp)

    Баспа қызметі

    БҚМУ баспасөз қызметі Университеттің құрылымдық бөлімшесі болып есептеледі және қалалық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарын ЖОО-дағы шаралар және ұжымдағы жетістіктер жөніндегі ақпаратпен жан-жақты қамтамасыз етеді;

    Университеттің баспасөз қызметі және ІТ-орталық оқу жылы бойына БАҚ-қа үлкен көлемдегі ақпараттық-сараптамалық, имидждік және басқа да материалдарды даярлап, жариялауды қамтамасыз етті. Жыл бойына 36 жаңалық блоктары шығарылады. Оның барлығы БҚМУ сайтында (wksu.kz ) және ютуб каналында жарияланады. Оқу жылы барысында ЖОО қызметі БАҚ-та жүйелі түрде жарияланып тұрды:

    - Республикалық баспасөз беттерінде («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Үшқоңыр» республикалық газеттерінде, «Ұстаз», «Ақжайық.kz», «Современное образование» журналдарында жәнет.б.), республикалық телеарналарда («Қазақстан» ҚАЗРТРК, «Хабар», «24.kz.), 42 (қазақ, орыс тілдерінде) жарияланымдар/бағдарламалар;

    - Облыстық БАҚ-та («Орал өңірі», «Жайық үні», «Пульс города» қоғамдық-саяси газеттерінде, «Қазақстан-Орал» облыстық телеарнасында, «ТДК – 42» қалалық телеарнасында жарияланымдар/бағдарламалар;

    - «Өркен» университеттік студенттік газеті – 10 шығарылым.

    Баспасөз қызметі сайттың «БАҚ біз туралы» парақшасына жетекшілік етеді. Оқу жылы барысында баспасөз қызметі талапкерлер үшін республикалық және облыстық баспасөз беттерінде жарнамалық материалдар жариялайды. «Мәңгілік ел» - «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарнамалық материалдар Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы баспасөз беттерінде жарияланады.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз