Ғылыми кеңес

    Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты

    • кәсіби оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында профессор – оқытушылар құрамы мен жоо-ның білім алушылары үшін қажетті жағдайларды жасау;
    • ЖОО-ның қаржы саласын реттеу, материалды-техникалық қорын нығайту;
    • ЖОО-ның одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады.

    Ғылыми кеңестің негізгі міндеті

    • жоғары оқу орны қызметінің білім беру саласындағы, ғылыми және тәрбие үрдісіндегі негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау;
    • білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

    Ғылыми кеңестің құрамы, құрылымы мен  қызметі және оны сайлау тәртібі

    1. Ғылыми кеңес жоо басшысының бұйрығымен құрылады.
    2. Ғылыми кеңестің құрамына жоо басшылары, басшының орынбасарлары, құрылымдық бөлімше басшылары, профессор-оқытушылар құрамының, жоо-ның студенттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіреді.
    3. Ғылыми кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Ғылыми кеңестің сандық құрамын жоо өзі айқындайды және ол тақ санды мүшелерден тұрады. Қажетіне қарай оның құрамына жоо басшысының орынбасарлары мен факультет декандарының ұсыныстары негізінде Ғылыми кеңес шешімімен жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.
    4. Ғылыми кеңес төрағасы жоо-ның басшысы болып табылады.

    Төраға төрағаның орынбасарын тағайындайды.

    Төраға болмаған жағдайда, оның міндетін орынбасары атқарады.

    Төраға ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының заңнамаларына, осы ережеге сәйкес оның жұмысын қамтамасыз етеді.

    1. Ғылыми кеңестің басқа мүшелері жоо ұжымының жалпы жиналысында жасырын дауыспен сайланады.
    2. Ғылыми кеңес өз мүшелері арасынан ғылыми хатшыны сайлайды және ол ғылыми кеңестің іс қағазын жүргізуге жауапты болады.
    3. Ғылыми кеңес өз жұмысын оқу жылына бекіткен жұмыс жоспары негі-зінде ұйымдастырады.
    4. Ғылыми кеңестің отырысы оқу жылына жасалып бекітілген жұмыс жос-парына сәйкес айына кемінде бір рет өтеді.
    5. Ғылыми кеңестің отырысы егер оған ғылыми кеңес мүшелерінің кемінде 3/2 қатысса заңды күші бар болып табылады. Ғылыми кеңестің мүшесі дәлелді себептермен отырысқа қатыса алмайтын болса, ол туралы алдын ала төрағаға немесе ғылыми хатшыға хабарлауы керек.
    • Ғылыми кеңестің шешімі мәжіліске қатысқан кеңес мүшелерінің көпші-лігі жақтап дауыс берген жағдайда қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда ғылыми кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

    Ғылыми кеңестің құзырына мыналар жатады:

    1. жоғары оқу орнының құрылымын бекітуге ұсыну;
    2. директорлар кеңесінің жиналысына:
      • жоғары оқу орнының Жарғысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу;
      • жоо -ның стратегиясы мен даму жоспарына;
      • бюджеттен тыс қаражатты пайдалану тәртібін, сондай-ақ жоо-да ақылы білім беру мен өндірілген өнімдерді тарату жолымен алынған реинвестициялық кірістердің бағыттарын анықтау жөнінде ұсыныс-тар енгізу;
    3. жоғары оқу орнының оқу және ғылыми бөлімшелерін құру, қайта ұйым-дастыру және таратуды ұсыну (зертханалар, кафедралар, институттар, факультеттер және тағы басқалар);
    4. жоғары оқу орнының даму тұжырымдамасын айқындау;
    5. жоғары оқу орнының оқу-тәрбиелік, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудағы барлық негізгі болып келетін мәселелер жөнінде шешім қабылдау;
    6. жоо-ның академиялық саясатын, академиялық адалдық қағидаларын, білім беру бағдарламаларын, жұмыс оқу жоспарларын, академиялық күн-тізбені, профессор-оқытушылар құрамының орташа жылдық педагогика-лық жүктемесін бекіту;
    7. ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпарат, халық-аралық және басқа да қызмет түрлерін жүргізу бағыттары, нысандары және әдістері туралы жыл сайынғы есебін тыңдап бекіту;
    8. монографияларды, оқу-әдістемелік әзірлемелерді және оқу құралдарын, оқулықтарды қарастыру және басып шығаруға ұсыну (авторлық куәлігі мен плагиаттан өткені жөнінде анықтамасы болғанда);
    9. ақылы негізде оқитын студенттерді білім беру гранттарына және оқы-тудың экстернат нысанына ауыстыруға ұсыну;
    10. докторанттар мен магистранттардың диссертациялық зерттеулері бойын-ша ғылыми жетекші-кеңесшілерін және тақырыптарын бекіту;
    11. жоо-ның «Үздік оқытушысы», «Үздік ғылыми қызметкер» республика-лық конкурсына және мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен сыйлық-тарға қатысу үшін профессор-оқытушылар құрамынан үміткерлер ұсыну туралы шешім қабылдау;
    12. жоғары оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйым-дастыру;
    13. ғылыми және құрметті атақтарды, атаулы стипендиялар мен сыйақылар-ды тағайындау мен беру;
    14. жоо-ның қызметкерлерін, шығармашылық ұжымды үкіметтік награда-ларға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарау;
    15. алқалық шешімді талап ететін ЖОО-ның ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін қарау.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз