

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Әлеуметтанулық зерттеулер орталығы өз қызметін Әлеуметтанулық зерттеулер орталығы туралы Ереже негізінде және жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Орталықтың қызметі тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор үйлестіреді.
Миссиясы:
Университет басшылығына әлеуметтанулық зерттеулер нәтижелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды ұсыну арқылы білім беру үдерісінің сапасын арттыру, тәрбие жұмысын жетілдіру және жоғары оқу орнының әлеуметтік саясатын дамыту жөніндегі басқарушылық шешімдер қабылдауда жәрдем көрсету
Мақсаты:
– Университет басшылығы қабылдайтын басқарушылық шешімдерді ақпараттық-талдамалық тұрғыдан сүйемелдеу;
– Университет басшылығы мен білім алушылар, профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлер арасындағы кері байланыс жүйесін қамтамасыз ету.
Қызметтің негізгі бағыттары:
-Студенттердің, оқытушылардың және университет қызметкерлерінің жоғары оқу орны мен қоғам өмірінің түрлі қырларына қатысты көзқарастарын, пікірлерін, құндылықтық пайымдарын және ұстанымдарын сипаттайтын әлеуметтанулық мониторинг жүргізу.
-Университеттің құрылымдық бөлімшелеріне, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, оқытушыларға және басқа да мүдделі тұлғаларға олардың әлеуметтанулық зерттеулер жүргізуі барысында әдіснамалық және әдістемелік көмек көрсету.
-Мүдделі тұлғалар үшін әлеуметтік және маркетингтік сипаттағы қолданбалы зерттеулер жүргізу.
Әлеуметтанулық зерттеулер орталығы өз қызметін 2004 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Оның негізгі қызмет бағыты төмендегі жобалар аясында білім алушылар, профессор-оқытушылар құрамы және университет қызметкерлері арасында әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу болып табылады:
- «М.Өтемісов атындағы БҚУ-дағы студенттердің білім беру үдерісінің тиімділігі туралы пікірі»;
- «М.Өтемісов атындағы БҚУ студенттерінің әлеуметтік әл-ауқаты мен саяси бағдары»;
- «М.Өтемісов атындағы БҚУ оқытушылары мен қызметкерлерінің әлеуметтік көңіл-күйін бағалау»;
- «М.Өтемісов атындағы БҚУ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің және сыбайлас жемқорлық көріністерінің мониторингі».
Әлеуметтанулық зерттеулер орталығы (ӘЗО) М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылған ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға қатысты: «БҚО тұрғындарының көші-қон көңіл-қүйі», «БҚО-да сыбайлас жемқорлық көріністері туралы қоғамдық пікірді анықтау», «БҚО-да халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жергілікті атқарушы билік органдары қызметінің тиімділігі туралы қоғамдық пікірді анықтау», «БҚО-дағы этносаралық жағдайға мониторинг жүргізу» және «БҚО-дағы қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жүргізу».
Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Студенттер көшесі, 1, 301-кабинет
Телефон: 8 (7112) 50 41 51
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.




