М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттары

    Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың бланкілері мен қосымшаларында:

    1) ЖОО атауы;

    2) бітірушілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

    3) білім беру бағдарламасының (мамандықтың) кодын және атауы;

    4) берілетін дәреже (болған жағдайда);

    5) дәреже беру туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасының күні мен нөмірі (бар болса);

    6) оқыту нысаны;

    7) ЖОО басшысының қолыы;

    8) реттік тіркеу нөмірі;

    9) берілген күнін және орны (қала);

    10) ЖОО мөрі болады.

    Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарда институционалдық аккредиттеу бойынша аккредиттеу агенттігінің логотипі және атауы орналастырылады.

    Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарға қосымшада білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу бойынша аккредиттеу агенттіктерінің логотипі және атауы орналастырылады.

    Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың қорғаныш белгілері болады.

    Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарда деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиясын және (немесе) QR коды қолданылады.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың әрбір түрі үшін серия мен реттік нөмірлеуді белгілейді.

    Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мынадай сериялары бар:

    1) бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом – BD;

    2) магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом – MD;

    Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың бланкілері мен қосымшалары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерде толтырылады.

    Бланкілер мынадай түрде толтырылады:

    1) оқуды аяқтаған Қазақстан Республикасы азаматтары үшін «тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)» деген жолда адамның жеке басты куәландыратын құжаттағы (не оны алмастыратын құжаттағы) жазбаға сәйкес толық жазылады;

    2) шетелдік азаматтың «тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)» деген жолда шетелдік паспорттың деректері бойынша  жазылады;

    3) «білім беру ұйымының толық атауы» деген жолда университеттің ресми атауы көрсетіледі;

    4) «дәреже/біліктілік берілді» деген жолда – берілетін дәреженің/біліктіліктің атауы;

    5) «мамандықтың және (немесе) білім беру бағдарламасының коды және атауы» деген жолдарда мамандықтың және (немесе) білім беру бағдарламасының коды, атауы көрсетіледі;

    6) «оқыту нысаны» деген жолда оқыту нысаны көрсетіледі. Білім алушылар қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, білім беру бағдарламалары пәндерінің 50%-дан астамын игерген кезде «оқыту нысаны» деген жолда «қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып» деген тиісті белгі көрсетіледі;

    7) бланкіде берілетін дипломның сериясы мен нөмірі, білім беру ұйымы орналасқан қала, бланкінің берілген күні: күні (санмен), айы (жазумен) және жылы (төрт таңбалы санмен), берілетін бланкілерді тіркеу журналы бойынша бланкінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

    8) аттестаттау комиссиясы хаттамасының күні, нөмірі көрсетіледі;

    ЖОО басшысының қолдары бланкілерде қара пастасы бар шарикті қаламмен қойылады. Мөрге бөлінген орынға университет мөрі қойылады.

    Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарға қосымшалар мынадай үлгіде толтырылады:

    1) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық көрсетіледі;

    2) туған күні (күні, айы, жылы);

    3) «Алдыңғы білім туралы құжат» деген сөздерден кейін осы адамды ЖОО-ға қабылдауға негіз болған білім туралы құжаттың атауы, құжаттың нөмірі және оның берілген жылы көрсетіледі. Егер алдыңғы білім туралы құжат шетелде алынған жағдайда, оның мемлекеттік, ағылшын және (немесе) басқа (орыс және т.б.) тілдерге аударылған атауы және осы құжат берілген елдің атауы көрсетіледі;

    4) «Түсу сынақтары» деген жолда құжат түрі, нөмірі және берілген күні көрсетіледі;

    5) «Оқуға түсті» және «Оқуды аяқтады» деген жолда тиісінше оқуға түскен жылы және оқуды бітірген жылы төрт таңбалы сандармен, сондай-ақ осы адам оқуға түскен оқу орнының толық атауы және осы адам бітірген оқу орнының атауы көрсетіледі;

    6) «Игерілген академиялық кредиттердің жалпы саны – ECTS» деген жолда кредиттер саны цифрлармен көрсетіледі;

    7) «Оқытудың орташа өлшемді бағасы (GPA)» деген жолда оқудың барлық кезеңіндегі орташа балл цифрлармен көрсетіледі;

    8) «Кәсіптік практика» деген жолда академиялық кредиттердің атауы, саны - ECTS және бағасы (әріптік баламада, балмен және дәстүрлі (жазумен) көрсетіледі;

    9) «Қорытынды аттестаттау» деген жолда академиялық кредиттердің атауы, саны - ECTS және бағасы (әріптік баламада, балмен және дәстүрлі (жазумен) көрсетіледі. Егер кешенді емтихан тапсырылса, онда кешенді емтиханға кіретін пәндердің атауы көрсетіледі және бір баға қойылады;

    10) «Орындау және қорғау» деген жолда диплом жұмысының (жобасының) немесе диссертацияның тақырыбы, академиялық кредитердің саны – ECTS және бағасы (әріптік баламада, балмен және дәстүрлі (жазумен)) көрсетіледі;

    11) «Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестік деңгейі» деген жолда мынадай деңгей цифрлармен көрсетіледі: бакалавриат үшін – 6, магистратура үшін – 7;

    12) Пәндердің атауы, академиялық кредиттердің саны - ECTS. Бағалау (әріптік баламада, балмен және дәстүрлі (жазумен));

    13) «Теориялық оқыту кредиттерінің саны» және «Теориялық оқыту ECTS кредиттерінің саны» деген жолда теориялық оқыту кредиттерінің саны цифрлармен көрсетіледі;

    14) «Аттестаттау комиссиясының шешімімен» деген жолда хаттаманың нөмірі және күні цифрлармен көрсетіледі;

    15) «Берілді (берілді)» деген жолда дәреже/біліктілік көрсетіледі;

    16) «Мамандық және (немесе) білім беру бағдарламасы бойынша» деген жолда мамандықтың және (немесе) білім беру бағдарламасының коды мен атауы көрсетіледі;

    Түлектің осы дайындық бағыты немесе мамандығы үшін ЖОО-ның оқу жоспарында айқындалған пәндерден тыс оқыған пәндері түлектің өтініші бойынша оның келісімімен енгізіледі.

    Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарға қосымшаларға ЖОО басшысы қол қояды. Мөрге бөлінген орынға оқу орнының мөрі қойылады.

    Дипломға қосымшасыз жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бітіргені туралы диплом жарамсыз болып табылады.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз