Орталық туралы

Құзыреттілік орталығының жетекшісі: Телагисова Дарина Шаумуратовна
Құзыреттілік орталығы
Құзыреттілік орталығы «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін университет жарғысы мен Орталық туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Университеттің ұйымдық құрылымында Орталық стратегиялық даму және инновациялар департаментінің директорына бағынады.
Қызметтің миссиясы мен мақсаттары
Орталықтың миссиясы - үздіксіз білім беруді және экономика мен білім беруді трансформациялау жағдайында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттерді дамытудың заманауи, икемді және тиімді жүйесін қалыптастыру.
Орталық қызметінің негізгі мақсаттары:
- мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту және біліктілігін арттыру;
- оқытушыларды жаңартылған білім беру мазмұны мен заманауи білім беру технологияларын енгізуге дайындау;
- білім беру жүйесінің өзекті және перспективалық қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыруды әдістемелік сүйемелдеу;
- бәсекеге қабілетті түлектерді даярлау сапасын арттыру;
- білім беру процесін басқаруды жетілдіру.
Орталық білім беру ортасына Ұлттық біліктілік жүйесінің құралдарын енгізу бойынша сараптамалық-әдістемелік платформа ретінде әрекет етеді.
Негізгі міндеттер
Орталықтың қызметі университеттің білім беру және ғылыми-әдістемелік ортасын кешенді дамытуға бағытталған және келесі міндеттерді шешуді қамтиды:
- оқытушылардың педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзыреттілігін дамыту;
- университеттің әдістемелік жұмысын үйлестіру және жүйелеу;
- Педагогика және білім беру технологиялары саласындағы білімді жаңарту және тереңдету;
- білім беру процесін реттейтін нормативтік-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу және енгізу;
- заманауи білім беру технологиялары мен цифрлық шешімдерді енгізу;
- оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын жетілдіру;
- профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік әлеуетін дамыту;
- озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау және тарату;
- ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде білім беру процесін жаңғырту бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
- университеттің әдістемелік қызметін ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.
Қызметтің негізгі бағыттары
Құзыреттілік орталығы өз қызметін келесі негізгі бағыттар бойынша іске асырады:
Біліктілікті арттыру және қайта даярлау
- Қазақстан Республикасының және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында оқытушылардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
- жоғары білім берудің өзекті мәселелері бойынша курстар, тренингтер және білім беру бағдарламаларын өткізу;
- тілдік құзыреттерді дамыту (мемлекеттік және шет тілдері).
Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу
- университеттің әдістемелік жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асыру;
- академиялық және әдістемелік кеңестердің қызметін үйлестіру;
- нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындау;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеуді сүйемелдеу.
Білім берудегі инновациялар
- білім берудегі жаһандық және Ұлттық трендтердің мониторингі;
- заманауи білім беру технологиялары мен цифрлық құралдарды енгізу;
- инновациялық педагогикалық тәжірибелерді сынақтан өткізу және тарату.
Кадрлық әлеуетті дамыту
- оқытушылардың кәсіби және ғылыми деңгейін арттыру;
- ПОҚ шығармашылық және зерттеу әлеуетін дамыту;
- тәлімгерлікті ұйымдастыру және жас оқытушыларды сүйемелдеу.
Ғылыми-әдістемелік қызмет
- конференциялар, семинарлар, вебинарлар ұйымдастыру және өткізу;
- оқу-әдістемелік әдебиеттер мен электрондық ресурстарды шығаруды қоса алғанда, жариялау қызметі;
- озық педагогикалық тәжірибені жүйелеу және тарату.
Өзара әрекеттесу және серіктестік
- мемлекеттік органдармен, білім беру ұйымдарымен және кәсіби қауымдастықтармен ынтымақтастық;
- кәсіби біліктілікті тану жүйесін дамытуға қатысу;
- жұмыс берушілермен және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл.
Үздіксіз білім беру және қайта даярлау
- тыңдаушылардың әртүрлі санаттары үшін қосымша және бейресми білім беру бағдарламаларын іске асыру;
- педагог қызметкерлерді, мамандарды және бизнес өкілдерін оқытуды ұйымдастыру;
- педагогикалық білімі жоқ мамандарды қайта даярлау.
Мекен жайы: Орал қаласы, Студенческая көшесі, 1; №8 оқу ғимараты, 303- кабинет.
Телефон: 8 7112 50-41-51; 87774264420.
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Нормативті құжаттар
Нормативті құжаттар
- Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13420 болып тіркелді.
09.04.2020 ж. өзгерістерімен жаңартылған.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013420
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 22529 болып тіркелді.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022529
- «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 маусымда № 32747 болып тіркелді.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032747
- Педагогтік қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 наурызда №20147 болып тіркелді.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020147/history
Педагогикалық қайта даярлау
Педагогикалық қайта даярлау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №110 бұйрығына (ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 16.09.2025 жылғы № 451 бұйрығына сәйкес өзгерістер) сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 наурызда №20147 болып тіркелді «Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж. педагогикалық қайта даярлау ережелері», білім беру бағдарламаларының жобалық кеңсесі тиісті бейіні бойынша педагогтың кәсіби қызметін алғаш рет бастайтын, педагогикалық білімі жоқ кәсіптік білімі бар тұлғаларға арналған педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасын әзірледі.
Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасы курс тыңдаушыларына таңдалған пән бойынша жауапты және құзыретті педагог болу үшін қажет болатын барлық дағдылар мен білімді дамытуға бағытталған.
Бағдарламалардың мақсаты - сыни ойлауы, заманауи цифрлық, коммуникативтік, пәнаралық құзыреттілігі бар, таңдалған пәндер бойынша білім беру процесін құруға және ұйымдастыруға қабілетті тыңдаушыларды педагогикалық қызметке қайта даярлау.
2022 жылғы 6 маусымда педагогикалық қайта даярлау жөніндегі білім беру бағдарламасы мақұлданып, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілді. Ғылыми кеңестің шешімімен 26.10.2023 жылғы №2 хаттама, білім беру бағдарламаларының тізілімінде «PR 001 педагогикалық қайта даярлау» білім беру бағдарламасының атауы жаңартылып, «PR001 педагогикалық білім берудің келісілген моделі (IP)» болып өзгертілді. Бұл жаңартылған бағдарлама Дүниежүзілік Банктің «Педагогикалық білім беру әлеуетін нығайту» жобасы шеңберінде ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша HAMK JAMK University және Финляндияның Назарбаев Университетімен бірлесіп әзірленді. Білім беру бағдарламасын жаңарту бағдарлама атауының өзгеруіне, оқу нәтижелеріне, оған кіретін пәндердің өзгеруіне, кредиттер санының 40-тан 60 кредитке дейін ұлғаюына байланысты болды.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларының жалпы құрылымы
Педагогикалық емес білімі бар тыңдаушыларды педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының паспортына мыналар кіреді:
- Мақсат;
- Түлек моделі;
- Қалыптастырылатын құзыреттер және оқыту нәтижелері;
- БББ пәндерінің мазмұны:
|
Модуль атауы
|
Кредит саны
|
|
Болашақ мұғалімдерді тұлға ретінде қолдау
|
17
|
|
Оқыту және үйрету үшін бағалау
|
9
|
|
Мұғалім рефлексиялық практик ретінде
|
9
|
|
Мұғалім – оқу фасилитаторы (үздіксіз практика және педагогикалық практика)
|
25
|
|
Қорытынды аттестаттау
|
2
|
|
Барлығы
|
62
|
- Оқыту стратегиялары мен әдістері;
- Оқу нәтижелерін бақылау және бағалау.

Басқарма төрағасы-ректордың 02.09.2025 жылғы №013-380 бұйрығымен қабылдау комиссиясының құрамы бекітілді. 2025-2026 оқу жылына арналған педагогикалық қайта даярлау курсының құны 310 000 теңге болып бекітілді. PR0011 «Педагогтік қайта даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша семестрлік ЖОЖЖ құрастырылып бекітілді. Қабылдау комиссиясының 11.09.2025 жылғы №1 хаттамасының шешімімен және 12.09.2025 жылғы №013-414/1 бұйрығымен педагогикалық қайта даярлау курсына 32 тыңдаушы қабылданып, білім алуда.
Атаулы білім беру бағдарлама бойынша өткен оқу жылында 19 тыңдаушы курсты сәтті аяқтады.
Университет сайтында педагогикалық қайта даярлау курстарына қабылдаудың басталатыны туралы хабарландыру үнемі орналастырылады.
Педагогикалық сараман
Педагогикалық сараман
Педагогикалық қайта даярлау білім беру бағдарламасы бойынша курс тыңдаушылары 2023 жылғы 31 мамырда педагогикалық сараманнан өткені туралы есеп тапсырды. 06.03.2023 ж. бастап 13.05.2023 ж. дейін қала/облыс мектептері мен колледждерінде педагогикалық сараманнан өтіп, өз білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, өз бақылауларымен алған дағдылары мен жетістіктерімен бөлісті. Педагогикалық сараман бойынша қорытынды есептілікке біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығының басшысы Д.Ш.Телагисова, практика жетекшілері мен курс тыңдаушылары қатысты. Тыңдаушылар презентация түрінде педагогикалық сараман бойынша өз есептерін ұсынды және сәтті қорғады.