Магистарнттардың ғылыми тағылымдамасы

                                                                                     Қымбатты магистранттар! 

               М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетініңмемлекеттік тапсырыс және ақылы негізінде білім алушы магистранттарына ғылыми-зерттеу/экспериментті зерттеу кезінде, шет елдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарында, ғылыми ұйымдарында ғылыми-зерттеу тағылымдамаларынан өтуге мүмкіндік бар екендігін хабарлайды.

                Магистрант ғылыми тағылымдамадан өту үшін жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бөліміне келесі құжаттарды тапсыруы қажет (№8 корпус, 2 қабат, 206 бөлме)

    1. Ректордың атына өтінішғылыми жетекші, кафедра меңгерушісі, факультет деканы виза қояды;Ескерту: өтініш жазбаша түрде өз қолымен жазылады.
    1. Ғылыми жетекші тарапынан қызметтік жазба,кафедра меңгерушісі, факультет деканы виза қояды;
    2. Реферат және  тағылымдама жоспарын қорғау бойынша кафедра отырысының хаттамасының көшірмесі;
    3. Ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өту жобасының бағдарламасы, кафедра меңгерушісі мен ғылыми жетекші тарапынан расталған шетел тағылымдамасы мерзіміне арналған магистранттың жеке жұмыс жоспары 

     

    Р/с

    Мерзімі

    Іс-шараның атауы*

    Есеп түрі

     

     

     

     

            *Іс-шаралар бойынша өткен дұрыс

    1. Магистранттың диссертациялық жұмысы жөніндегі реферат (5-6 бет)

    Құжаттар жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бөліміне тапсырылады

                                                Ғылыми тағылымдамадан өткен соң қажетті құжаттар

    1. Тағылымдама қорытындысы бойынша есеп және күнделік (көлемі 3-4 бет) кафедра меңгерушісінің, ғылыми жетекшісінің және магистранттың өзінің визасымен  және ғылыми тағылмдамадан өтіп келген шетел жоо-ның мөрі болуы қажет. 
    2. Сертификат

                       Ғылыми тағылымдамадан өткен соң келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

    1. Қаржы құжаттары, шығындарды дәлелдейтін құжаттар және іс сапар куәлігі бухгалтерия бөліміне (2 қабат, 202 бөлме) келген күннен бастап 3 күн ішінде 

    1.1 Билеттер(автобус немесе поезд)

    1.2 Жатақхана құжаттары 

    - тұратын баспанабойынша келісім шарт;

    - фискалды чек,

    - приходный кассовый ордер,

    -  счет-фактура,

    1. Бекітілген жоспарға сәйкес тағылымдама қорытындысы бойынша есеп, магистранттың ғылыми жетекшісі тарапынан расталған (3 данадан кем емес фото, көлемі 2-3 бет, А-4 форматы), білім алғандығын растайтындығы туралы сертификат көшірмесі жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бөліміне тапсырылады 
    2. Тағылымдама қорытындысы жөнінде толық есеп (3 дана фотосурет, көлемі 2-3 бет А-4 форматта болуы қажет) ғылыми тағылымдама кезіндегі,білім алғандығы туралы сертификаттың көшірмесі жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бөліміне тапсырылады (8 ғимарат, 2 қабат, 206 бөлме)
    3. Тағылымдамадан өту туралы мәлімет

                            Ғылыми – зерттеу тағылымдамасынан өту бағдарламасы жобасына қойылатын талаптар

    Ғылыми – зерттеу тағылымдамасынан өту бағдарламасы жобасында келесі бөлімдер қарастырылады:

    1. Тағылымдамадан өтетін мемлекет
    2. Шетелдік ұйым
    3. Ұзақтығы
    4. Мамандық
    5. Тақырыбы
    6. Өзектілігі және жаңашылдығы
    7. Мақсаты 
    8. Міндеті
    9. Тағылымдамадан өту кезеңдері
    10. Зерттеу нысаны
    11. Зерттеу әдістерін қолдану
    12. Қажетті материалдық-техникалық қаражат
    13. Күтілетін нәтиже
    14. Күтілетін нәтижеге берілетін баға критерийлері

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз