Сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясы

     

     

    Сенім телефоны: 8 (7112) 50-41-50

    Жедел желі телефоны: 8 (7112) 50-34-77

     

    Сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясының негізгі мақсаты:

    - Сыбайлас жемқорлық белсенділігінің алдын алу және оны бейтараптандырудың тиімді жүйесін құру;

    - Адалдықты көтермелеу арқылы жоғары оқу орны қызметінің барлық саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу;

    - Жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет әлеуетін күшейту.

    Сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясының негізгі міндеті:

    - Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін және жоғары оқу орнын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету;

    - Жоғары оқу орны қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;

    - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, жемқорлықты ұнатпаушылық ахуалын және қызметкерлер мен студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

    - Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарын қарастыру;

    - Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

    Сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясы қызметінің негізгі бағыттары

    1. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алу мақсатында ҚР заңдары мен нормативті актілерін насихаттау және мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтік актілердің талаптарын орындау.

    2. Жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту.

    3. Азаматтардың өз құқықтары мен міндеттемелерінен хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында университет ПОҚ мен студенттерінің Ішкі істер басқармасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура, Әділет басқармасы өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру.

    4. Институт/факультеттердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстардың барысын (нәтижесін) бақылау.

    5. Сыбайлас жемқорлық мәселелерін тану мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізу.

    6. Сенім телефонының жұмысын ұйымдастыру.

    7. «Объективті емтихан» акциясын ұйымдастыру және нәтижелерін талдау.

    8. Сыбайлас жемқорлықпен күрес барысында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін университет газеті мен теледидарында жариялап отыру.

    9. Университетте кездескен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы қызметкерлер мен студенттердің арызын қабылдау және анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз