Ғылыми атақ алуға үміткерлердің ғылыми кеңеске дайындайтын

    ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ 

    1. Ізденушінің оқитын курстары (және кредит саны), оқу үрдісінде қолданыс тапқан негізгі жарияланымдары, ғылыми ізденіс аясы көрсетілген кафедраның хаттамасынан көшірме.
    2. Факультет кеңесінің хаттамасынан көшірме.
    3. Кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ғылыми жұмыс және халықаралық байла-ныстар жөніндегі проректордың бұрыштамаларымен мәселені ғылыми кеңесте қарау туралы ректор, ғылыми кеңес төрағасының атына жазылған (еркін түрде) өтініш (ғылыми педагогикалық өтілі мен доцент/ профессор лауазымындағы еңбек өтілі, ғылыми еңбектері мен шәкірттерінің (болған жағдайда), монография/оқулық/оқу құралының саны көрсетілуі тиіс).
    4. Әкімшілік бөлімімен куәландырылған фотосуретімен кадрлар есебі жөніндегі жеке іс парағы.
    5. Әкімшілік бөлімімен куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі (доцент/ профессор лауазымында 0,25/0,5 ставкіде жұмыс жасайтындар үшін ғылыми және педагогикалық лауазымдағы жұмысы туралы бұйрықтың көшірмесі).
    6. Нотариуспен куәландырылған ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жөніндегі дипломдарының көшірмесі.
    7. Ғылыми атақ алуға ізденуші туралы анықтама (үлгісі тіркелді).
    8. Халықаралық рецензияланатын басылымдағы жарияланымдар тізімі (үлгісі тіркелді).
    9. Хронологиялық тәртіппен көрсетілген диссертация қорғағаннан/қауымдастырылған профессор атағын алғаннан кейін жарияланған ғылыми еңбектерінің тізімі. Ғылыми еңбектер тізімін университеттің ғалым хатшысы куәландыруы тиіс.

    Қауымдастырылған профессор (доцент) үшін диссертация қорғағаннан кейін жарияланған және үміткердің мамандығына сәйкес келетін мерзімді ғылыми басылымдарда кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы, оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 (он) ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақаласы.

    Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарға үміткердің мамандығына сәйкес келетін ғылыми сала бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын журналдар жатады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.

    Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар "Мақала" (Article (Артикль) немесе "Шолу" (Review (Ревью) түрінде болады және көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді. Бұл ретте Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша квартиль немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші тиісті деректер базасында көрсетілген жариялау жылына ескеріледі. Егер Scopus (Скопус) және/немесе Web of Science (Веб оф Сайенс) базасында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдың индексациясы бұзушылықтарға байланысты тоқтатылған жағдайда, осы журналдағы үміткердің барлық мақаласы ескерілмейді.

    Халықаралық  рецензияланатын ғылыми журналдарға үміткердің мамандығына сәйкес келетін ғылыми сала бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын журналдар жатады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.

     Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар "Мақала" (Article (Артикль) немесе "Шолу" (Review (Ревью) түрінде болады және көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді. Бұл ретте Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша квартиль немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші тиісті деректер базасында көрсетілген жариялау жылына ескеріледі. Егер Scopus (Скопус) және/немесе Web of Science (Веб оф Сайенс) базасында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдың индексациясы бұзушылықтарға байланысты тоқтатылған жағдайда, осы журналдағы үміткердің барлық мақаласы ескерілмейді.

    Мақаланың мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес болады.

    Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, осындай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде саналады.

    Америка құрама штаттары, Еуропалық одақ және Жапония елдерінің Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасындағы Derwent Innovation Index (Дервент Инновэйшн Индекс) енгізілген патенттер халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады. Бұл ретте патенттер ғылыми мақалалардың 20%-дан көбін алмастыра алмайды.

    Өнертабысқа патенттер уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалардың 20%-дан көбін алмастыра алмайды;

    Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 баспа табағы тиесілі), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы немесе оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, көлемі 6 баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғасы.

    Профессор үшін қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алған-нан кейін жарияланған, үміткердің мамандығына сәйкес келетін мерзімді ғылыми басылымдарда жарияланған 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда (Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2 квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші үміткердің мамандығына сәйкес ғылыми сала бойынша кемінде 50 болатын 3 ғылыми мақала. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.

    Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 баспа табақты құрайтын), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 6 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 3 тұлғасы.

    1. Ғылыми еңбектерінің көшірмесі (жинақтың сыртқы беті, мазмұны, ғылыми еңбектер тізіміне сәйкес мақаласы).
    2. Азаматтың қазақ, орыс және ағылшын тілінде тегі, аты мен әкесінің атының (болған жағдайда) жазылуы туралы мәлімет.
    3. қағаз тігетін папкі, Қазпоштаның пакеті. 

       * Ескерту: Ғылыми кеңес қолдаухат жіберу туралы шешім қабылдаудан 1 (бір) ай бұрын 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтаманың электронды және сканер-ленген нұсқаларын, 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жарияланымда-рының тізімін, оның ішінде халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияла-нымдар тізімін жоо-ның интернет-ресурсында орналастырады. 

    Ізденуші туралы анықтама

    1-қосымша 

    _____________________________________________________ мамандық бойынша

                               (мамандықтың шифры мен аты)

    ___________________________________________ ғылыми атағын ізденуші туралы

    анықтама 

    1

    Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

     

    2

    Ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, берілген уақыты

     

    3

    Ғылыми атақ, берілген уақыты

     

    4

    Құрметті атақ, берілген уақыты

     

    5

    Лауазымы (лауазымға тағайындалу туралы бұйрық мерзімі және нөмірі )

     

    6

    Ғылыми, ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі

    Барлығы_______  жыл, оның ішінде лауазымда _________ жыл

    7

    Диссертация қорғағаннан/ қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейінгі ғылыми мақалалар, шығармашылық еңбектер саны

    Барлығы _______, уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда____,
    Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының ақпараттық базасына ___, Scopus (Скопус) не JSTOR (ДЖЕЙСТОР) базалардағы ғылыми журналдарда__, шығармашылық еңбектер _______

    8

    Соңғы 5 жылда басылған монографиялар, оқулықтар, жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралдар саны

     

    9

    Оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғалар

     

    10

    Оның жетекшілігімен даярланған республикалық, халықаралық, шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың, олимпиадалардың лауреаттары, жүлдегерлері

     

    11

    Оның жетекшілігімен даярланған Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының чемпиондары, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының чемпиондары немесе жүлдегерлері

     

    12

    Қосымша ақпарат

     

    Кафедры (бөлімше) басшысы  _____________________ (аты-жөні және тегі)

    (қолы)

    Халықаралық рецензияланатын басылымдағы жарияланымдар тізімі

    2-қосымша

    Халықаралық рецензияланатын басылымдағы жарияланымдар тізімі

    Үміткердің АЖТ _________________

    Автордың идентификаторы (болған жағдайда):

    Scopus Author ID: ____________

    Web of Science Researcher ID: ____________

    ORCID: ______________

    № р/н

    Жарияланымның атауы

    Жарияланым түрі (мақала,, шолу, т.б.)

    Журналдың атауы, жариялау жылы (деректер базалары бойынша),DOI

    Журналдың жариялау жылы бойынша Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша импакт-факторы және ғылым саласы*

    Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасындағы индексі

    Журналдың жариялау жылы бойынша Scopus (Скопус) деректорі бойынша .CiteScore (СайтСкор) процентилі және ғылым саласы*

    Авторлардың АЖТ (үміткердің АЖТ сызу)

    Үміткердің ролі (теңавтор, бірінші автор немесе корреспонденция үшін автор)

                   

    Жүктеу

    *тиісті квартиль немесе процентиль берілген ғылым саласы.

    Ғылым саласы ғылыми атақ берілетін мамандыққа сәйкес келу керек

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз