"Абай оқулары" байқауы өтті

    29.01.Абай 175 Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына байланысты көрнекті ақын, ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай  20 қыркүйек күні университетімізде жоғарғы оқу орындары студенттері арасында облыстық "Абай оқулары" байқауы өтті. Оған 14 студент қатысып, бағын сынады.Шара шымылдығы Хакім Абай туралы қойылыммен түрілді. Одан әрі университетішілік Абай клубының жетекшілері Азамат Бақиев пен Еркеназ Қалижан сөз алып, көрермендерге клубтың мақсат-міндетін таныстырып өтті. Өз кезегінде Филология факультетінің деканы Аскен Муханбеткалиев қатысушыларға сәттілік тілеп, ақ тілегін арнады. Сондай-ақ, аталмыш байқау барысында облыстық Абай оқуларының жеңімпаздары  Нұрсұлтан Бақтыбай мен Дәулет Қуанышбайұлы Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқыса, мың бұралған бишілеріміз қазақ биін биледі.Байқау екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар алғашқы кезеңде ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, келесі бөлімде қара сөздерін жатқа айтып берді.  Сайыскерлерге ақын, айтыскер, Мәдениет саласының үздігі Жансая Мусина, мәдениет және өнер факультетінің аға оқытушысы Индира Гинаятовна, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рита Сұлтанғалиева төрелік етті. Қазылар алқасының шешімімен  байқаудың бас жүлдесіне Зафура Мамут ие болса, Айтоты Кадерова жүлделі  1-орынды қанжығалады. Ал Аслан Исламбеков сайыстың 2-орынын еншілеп, Айдана Сағызбаева 3-орынға тұрақтады. Байқау жеңімпаздарына  алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

                                                                                                                                                       Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

    УНИВЕРСИТЕТ ФАКУЛЬТЕТТЕРІ

     

    «ЖОО үздік оқытушысы - 2025» байқауы

    «ЖОО үздік оқытушысы - 2025» байқауы

    Байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.

    Университет бойынша байқауға қатысушылар

    Хажгалиева Гульнар Хабдолкакимовна
    Хажгалиева Гульнар Хабдолкакимовнапедагогика ғылымдарының кандидаты, PhD доктор
    Сейтенова Салима Сагиновна
    Сейтенова Салима Сагиновнапедагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

     

     

    Brandbook

    Брендбук (ағл. brand book) — бренд тұжырымдамасын сипаттайтын компанияның ресми құжаты, ...

    БҚУ студенттерінің мінез-құлық ережелері

     

    ҚР БҒМ ресми Telegram-арнасы

     

    Экологиялық мониторинг

    қоршаған ортаның жай-күйін кешенді бақылау, ...

     

    Волонтёр

    – бұл адамдарға өз еркімен ақысыз көмек көрсететін адам, ...

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз