Сдикова Гулия Жумгатиевна - химия ғылымдарының кандидаты
Автобиография

Сдикова Гулия Жумгатиевна 2001 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетінің «Химия-Биология» мамандығының тәмәмдады. Университет бітіргеннен соң 2002-2004 жж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің химия кафедрасында оқытушы ретінде жұмыс істеді. 2004-2006 ж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Химиялық технология» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2008 ж. «Гидролитическое расщепление линейных, циклических и разветвленных фосфатов ряда 3d-элементов» тақырыбына 02.00.01 - Бейорганикалық химия мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Диссертациялық кенесінде кандидаттық диссертация қорғады. 2008-2011 жж. аралығында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ химия және химиялық технология кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 2011 ж. бастап М. Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің экология және биогеохимия сынақ зертханасының меңгерушісі ретінде қабылданды. 2014 -2018 жж. аралығында химия кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарды, қазіргі таңда химия кафедрасының аға оқытушысы болып табылады. Ғылыми жұмыс барысында 40-ан астам мақала, 5 әдістемелік нұсқау жариялады, авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы 3 куәліктің иесі. Біліктілігін арттыру мақсатында. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ҚР БҒМ «Жоғары оқу орындары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдары мамандарының біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау» бағдарламаларына сәйкес бірнеше сертификаттары бар.
































