Қабдрахимов Ә.А. 

    Мақалада Батыс Қазақстан облысы аумағында таралған улы өрмекшілердің үш түрі – Eresus kollari F.W. Rossi, 1846 (Eresidae), Allohogna singoriensis (Laxmann, 1770) (Lycosidae) және Latrodectus tredecimguttatus (P. Rossi, 1790) (Theridiidae) түрлерінің морфологиялық ерекшеліктері, экологиялық жағдайлары мен адамға тигізетін ықтимал қауіптілігі қарастырылған. E. kollari түрі – сирек кездесетін, негізінен ін ішінде тіршілік ететін, адамға агрессивтілігі төмен өрмекші. Оның шағуы жеңіл жергілікті реакциялармен сипатталады және адам өміріне айтарлықтай қауіп төндірмейді. А. singoriensis – өңірдің ең ірі өкілі, тарантулдар қатарына жатады. Бұл түр де адамға сирек қауіп төндіреді, уы ауырсыну мен ісік тудырғанымен, әдетте уланудың ауыр белгілерін бермейді. Ең қауіпті түр – L. tredecimguttatus (қарақұрт), оның уы нейротоксикалық әсер етіп, ауыр улануға және кей жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін. Соңғы жылдары бұл түрдің Батыс Қазақстан облысында санының артуы мен ареалының кеңеюі, сонымен қатар елді мекендерге енуі байқалуда.

    Мақалаға сілтеме:

    https://bulletin.wku.edu.kz/index.php/BulletinWKU/article/view/7477

    УНИВЕРСИТЕТ ФАКУЛЬТЕТТЕРІ

     

     

    Brandbook

    Брендбук (ағл. brand book) — бренд тұжырымдамасын сипаттайтын компанияның ресми құжаты, ...

    БҚУ студенттерінің мінез-құлық ережелері

     

    ҚР БҒМ ресми Telegram-арнасы

     

    Экологиялық мониторинг

    қоршаған ортаның жай-күйін кешенді бақылау, ...

     

    Волонтёр

    – бұл адамдарға өз еркімен ақысыз көмек көрсететін адам, ...

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз