Стратегиялық даму және инновация департаментінің директоры:
ИМАШЕВ ЭДУАРД ЖҮСІПҰЛЫ
6D060900-География мамандығы бойынша философия докторы (PhD)
Жаңартпашылық технологиялар және цифрландыру департаменті өз қызметін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің бөлімшелері туралы ережеге және мамандар үшін лауазымдық нұсқаулықтарға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Стратегиялық даму және инновация департаментінің құрылымы:
- Ақпараттық технологиялар орталығы;
- Әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімі;
- Қашықтан оқыту орталығы;
- Біліктілік арттыру орталығы.
Департамент қызметінің негізгі мақсаты: жаңартпашылық технологияларды әзірлеу және білім беру үрдісіне енгізу, университеттің ғылыми-білім беру және ұйымдастыру-басқару қызметін цифрландыру, оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
Стратегиялық даму және инновация департаментінің функциялары:
- жаңартпашылық технологияларды енгізу және университетті цифрландыру бойынша бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу мен іске асыру;
- университетте компьютерлік-коммуникациялық және бағдарламалық-ақпараттық ортаның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- ПОҚ мен қызметкерлерді университеттің оқу үрдісінде, ғылыми-зерттеу және әкімшілік-шаруашылық қызметінде инновациялық-ақпараттық технологияларды пайдалану саласына оқыту;
- университет сайттарын, ПОҚ электрондық оқу басылымдарын және бағдарламаларын, оқу үрдісін басқару бойынша бағдарламалық өнімдерді және с.с. әзірлеу мен қолдау;
- білім беру, ғылыми-зерттеу және техникалық инновациялық жобаларға қатысу;
- оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда, білім беру технологияларын енгізу мен пайдалануда университеттің факультеттері деканаттарына мен кафедраларына көмек көрсету және үйлестіру;
- университет ПОҚ-ның оқу және оқу-әдістемелік құралдарын (оның ішінде ҚР БҒМ РОӘК грифімен) басып шығару жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру;
- университеттің факультеттері деканаттарына мен кафедраларына шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға көмек көрсету;
- қос дипломды және қосымша білім беру саласында шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту;
- қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;
- ақпараттық ресурстар саласында білім беру порталын сүйемелдеу және Moodle жүйесінің пайдаланушыларын қолдау;
- қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, академиялық ұтқырлық бойынша оқытуды қамтамасыз ету;
- университеттің ПОҚ және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- қосымша білім беру және біліктілікті арттыру саласында қызметтер көрсету;
- біліктілікті арттыру саласында отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту;
- университеттің факультеттері деканаттарына мен кафедраларына біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруда көмек көрсету.
Мекен-жайы: Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы 162, № 1 оқу ғимараты, 105 кабинет.
Телефоны: 8(7112)51-19-91.