«Каспий бассейнінің герпетологиялық зерттеулері» халықаралық конференциясына қатысуға шақырамыз

    Құрметті әріптестер!

    Сіздерді «Каспий бассейнінің герпетологиялық зерттеулері» халықаралық конференциясына қатысуға шақырамыз. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті РҒА жанындағы А.М. Никольский атындағы Герпетологиялық қоғаммен, РҒА зоологиялық институтымен, Дағыстан мемлекеттік университетімен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Зоология институтымен бірлесіп ұйымдастырушы болып табылады. Өткізу уақыты мен орны: 1–5 қараша 2023 ж. Каспий, Дағыстан, Ресей. Конференция мәселелері:

    1. Каспий бассейнінің қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларының экологиясы, фаунистикасы және таралуы.
    2. Каспий бассейнінің қосмекенділері мен бауырымен жорғалаушыларының систематикасы, филогенезі және түрлердің пайда болуы.
    3. Каспий бассейніндегі қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың морфологиясы мен эволюциясы.
    4. Каспий бассейніндегі қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды зерттеудегі молекулалы-генетикалық және ГАЖ әдістері.
    5. Каспий бассейнінің қосмекенділері мен бауырымен жорғалаушыларын зерттеу тарихы.
    6. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар фаунасына антропогендік әсер, Каспий бассейнінің батрахо және герпетофаунасын сақтау мәселелері.
    7. Каспий бассейнінің қосмекенділері мен бауырымен жорғалаушыларын ұстау және өсіру.

     Конференция аясында Дағыстанның тарихи және табиғи көрікті жерлеріне экскурсиялар жоспарлануда.

    Конференция материалдары «Современная герпетология» журналының беттерінде жарияланады (Russian Science Citation Index, ЖАК тізбесі, Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РИНЦ) және РИНЦ ядросы).

    Ұйымдастыру жарнасы қарастырылмаған. Конференцияның жұмыс тілдері: орыс және ағылшын.

    Негізгі күндер: 2023 жылғы 15 сәуірге дейін – қатысуға өтінім беру; 2023 жылғы 15 маусымға дейін – «Современная герпетология» журналына материалдарды қабылдаудың аяқталуы.

    Толық ақпарат бірінші циркулярдағы қосымшаларда көрсетілген.

    Первый циркуляр First Announcement

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз