Білім сапасының нұсқаулығы

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ

    Ғылыми Кеңесінің

    шешімімен бекітілді

    № 8 хаттама 03.05. 2018 жыл

     

    Қолданылу аймағы, мақсаты және қағидалары

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың білім сапасының нұсқаулығы жоғары оқу орнында сапалы оқыту мен білім беруге, білім беру аясы мен ғылыми зерттеулердің, инновациялардың байланысын нығайтуға бағытталған. Бұған қосымша, ЖОО-ның өз қызметінің өзге түрі - ғылыми зерттеулер мен басқарудың сапасын қамтамасыз етуге жəне жетілдіруге арналған саясатымен іс-шарасы бар.

    Жоғары білім алу үрдісінде студенттерді белсенді азаматтық позицияға тəрбиелеу, болашақ қызметті (карьераны) таңдау (жұмысқа орналасуға көмек), тұлғалық дамуына қолдау, заманауи білімнің ауқымды базасын жасау, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды ынталандырумен қоса көптеген мақсаттар қояды.

    Сапа кепілдігі өз қызметінде екі негізгі мақсатты басшылыққа алады, олар: есептілік жəне жетілдіру. Осы мақсаттарға қол жеткізу жоғары оқу орнының қызметіне деген сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    «Сапа кепілдігі» термині бұл құжатта үнемі жетілдірудің ішкі циклі қызметінің барлық түрлерін (яғни, сапаны қамтамасыз ету мен жетілдіру қызметін) сипаттау үшін қолданылады.

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ сапа бойынша басшылығының мақсаттары мен қағидалары

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың білім сапасы нұсқаулығының келесідей мақсаттары бар:

    - білім мен оқыту сапасы кепілдігі жүйесінің жалпы құрылымын анықтайды;

    - білім кеңістігіндегі жоғары білім сапасын жетілдіру мен кепілдігіне мүмкіндік туғызады;

    - Өзара сенімге қолдау көрсете отырып, сол арқылы ұлттық шекара аясындағы құрмет пен ұтқырлыққа ие болуға көмектеседі;

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың білім сапасы бойынша басшылығы білім беру кеңістігіндегі сапа кепілдігінің келесі төрт қағидасына негізделген:

    - М.Өтемісов атындағы БҚМУ берілетін білім сапасы мен оның кепілдігіне жауапкершілік алады;

    - Сапа кепілдігі жоғары білімнің түрлі жүйесінің, ЖОО мен студенттердің сұраныстарына жауап береді;

    - Сапа кепілдігі сапа мəдениетінің дамуын қолдайды;

    - Сапа кепілдігі студенттер мен қоғамның сұраныстары мен үміттерін (не күтетіндерін) назарға алады.

    Сапа кепілдігі саясаты

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да институционалдық көріну мен стратегияны бейнелейтін жəне сол арқылы ЖОО-ның стратегиялық менеджментімен байланысты сапа кепілдігінің жарияланған саясаты болуы тиіс. Ішкі стейкхолдерлер бұл саясатты сыртқы стейкхолдерлерді тарта отырып, сəйкесті құрылымдар арқылы дайындауы тиіс.

    Саясат пен шара ЖОО сапасы кепілдігінің логикалық құрылған жəне бірізді жүйенің негізі болып табылады. Жүйе үнемі жетілдіру циклын ұсынып ЖОО есептігіне мүмкіндік туғызады. Ол барлық стейкхолдерлер ЖОО қызметінің барлық деңгейінің сапасына жауапкершілік алатын сапа мәдениетін дамытуды қолдайды. Оны нығайту үшін саясат пен шараның ресми мәртебесі бар және ол көпшілік қоғамға қолжетімді.

    Сапа кепілдігінің саясаты ғылыми зерттеулер, сабақ жүргізу мен оқыту арасындағы байланысты көрсетіп, ұлттық контекст секілді мекеме жұмыс істейтін ЖОО ішілік контексін есепке алса, онда ол анағұрлым нәтижелі болып табылады. Мұндай саясат

    ● Сапа кепілдігі жүйесін ұйымдастыруды;

    ● Кафедраларды, мектептерді, факультеттерді және басқа құрылымдық бөлімшелерді, ЖОО басшылығы секілді сапа кепілдігі бойынша өз міндеттерін орындаушы қызметкерлер мен студенттерді;

    ● Академиялық бедел мен еркіндікті қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді;

    ● Кез келген төзбеушілікті және студенттер мен оқытушыларды кемсітуді болдырмайтын іс-әрекеттерді;

    ● Сапа кепілдігіне сыртқы стейкхолдерлердің қатысуын қолдайды.

    Саясат ЖОО-ның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қатысуын бағамдайтын сапаның ішкі кепілдігінің түрлі іс-әрекеттері мен шаралары арқылы практика жүзінде іске асырылады. Бұл саясаттың қалай іске асырылатыны, бақыланатыны және қайта қаралатыны ЖОО-ның өз деңгейінде шешіледі.

    Бағдарламаларды дайындау және бекіту

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың өз бағдарламаларын дайындап, бекітуі үшін шаралары болуы тиіс. Бағдарламалар бекітілген мақсаттарға сәйкес келетіндей дайындалуы тиіс. Бағдарламаны игеру нәтижесінде алынатын біліктілік анық айқындалып және түсіндіріліп, сондай-ақ, жоғары білім берудегі біліктіліктің ұлттық құрылымының белгілі бір деңгейіне сай келуі тиіс. Білім беру бағдарламалары жоғары оқу орнының білім беру миссиясын қалыптастырудың негізі болып табылады. Олар студенттерді академиялық білімдер секілді қажетті, соның ішінде олардың тұлғалық дамуына ықпал ете алатын және олардың болашақтағы қызметтерінде (мансаптарында) қолданыс таба алатын білік-дағдылармен қамтамасыз етеді.

    Өз бағдарламаларын дайындау кезінде ЖОО келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:

    ● институционалдық стратегия бағдарламаларының мақсаттарының сәйкес келуі және оқытудың айқын көрсетілген, күтілетін нәтижелерінің болуы;

    ● студенттердің бағдарламаны дайындауға қатысуы;

    ● сыртқы сараптаманы өткізу және анықтамалық-ақпараттық ресурстардың болуы;

    ● бағдарламаны игеру процесінде студенттердің үнемі алға жылжуы, тұлғалық өсуі мен дамуы;

    ● дәл анықталған студенттер жүктемесі (мысалы, ECTS-та).

    ● Өндірістік сараманнан өтетін (қажет ететін жерден) орын, мекеме тауып беру.

    Студенторталықтандырылған оқыту мен үлгерімді бағалау

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ өз бағдарламаларына студент орталықтандырылған оқыту процесін енгізуі тиіс. Бағдарламаларды іске асыратын әдістер білім беру үрдісін бірге құруда студенттердің белсенділікке ынталандыруы тиіс.

    Студент орталықтандырылған оқыту оқу үрдісінде студенттердің мотивациясын арттыруда, өзіндік рефлекция мен қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. М.Өтемісов атындағы БҚМУ үшін студент орталықтандырылған оқытуды енгізу білім беру бағдарламасын дайындауға және үйретуге, сондай-ақ оқыту нәтижелерін бағалауға ойлана ықпал етуді талап етеді.

    Студенторталықтандырылған оқыту қағидаларын іске асыра отырып ЖОО келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:

    · Студенттердің түрлі топтарына және олардың сұраныстарына құрметпен қарау және назар аудару, оқытудың икемді (қолайлы) траекториясын ұсыну;

    · сабақ жүргізудің түрлі формаларын қолдану (олар орынды жерде);

    · түрлі педагогикалық әдістерді тиімді қолдану;

    · педагогикалық әдістерді түзетуді бағалау үшін қолданылатын тәсілдер мен амалдар туралы тұрақты кері байланыс жасау;

    · оқытушының тарапының басшылығы пен көмегі арқылы білім алушының автономиялығын қолдау;

    · оқытушы мен студенттің қарым-қатынасын нығайту;

    · студенттердің арыздарына жауап беру шараларының болуы;

    · студенттердің болашақ мансабы үшін үлгерім бағаларының маңыздылығын ескере отырып, бағалау шараларында төмендегілер ескерілуі қажет;

    · Бағалаушы тұлғалар студенттердің білімін тестілеу мен тексерудің әдістерін меңгеріп, осы саладағы біліктіліктерін арттыруы тиіс;

    · Бағалау критерийлері мен әдістері алдын ала жарияланған болуы тиіс;

    · Бағалау оқытудың жоспарланған нәтижесін студенттің жетістік деңгейімен көрсетуі тиіс. Студент кері байланыс, ал қажет болғанда оқыту процесі бойынша кеңестер де алуы тиіс;

    · Бұл жағдай болуы мүмкін жерде емтиханды бір экзаментор ғана өткізбеуі тиіс;

    · Бағалау ережесінде жағдайларды жеңілдету есебі болуы тиіс;

    · Бағалау барлық студенттерге қатысты жүйелі әрі әділ болып, бекітілген ережелерге сәйкес жүргізілуі тиіс;

    · Аппелляцияның ресми процедурасы қарастырылған болуы тиіс.

    Қабылдау, үлгерім, тану және сертификаттау

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенттік «өмір циклының» барлық кезеңдерін реттеп отыратын алдын ала анықталған, жарияланған және жүйелі қолданылатын, яғни қабылдау, үлгерім, тану және серттификаттау ережесі болуы тиіс.

    Студенттердің қызығушылықтарын, бағдарламалар мен жүйелерді сақтау арқылы студенттердің академиялық мансабының бірқалыпты дамуын қамтамасыз ету. Студенттердің академиялық бағдарламасы мен оларды қолдаумен қатар қабылдау, бағалау, танылу және шығару процедуралары бұл үрдісте, әсіресе студенттердің ұтқырлығы болған жағдайда маңызды роль атқарады.

    Студенттерді қабылдау саясатының, процесінің және критеридің жүйелі әрі ашық жүзеге асырылғаны маңызды. ЖОО-ға қабылдағаннан кейін студенттерге жетекшілік ету процесіне оқу ғимаратымен және бағдарламасымен таныстыру енгізілуі тиіс.

    ЖОО студенттерінің академиялық жетістіктері туралы ақпараттар негізінде мониторинг пен кейінгі әрекеттерді жинауға арналған шаралар мен құралдар болуы тиіс.

    Жоғары білім беру біліктілігін, оқыту кезеңдерін әділ мойындау (тану, танылу), ресми емес білім беруді мойындаумен (танумен) қоса оқыту процесіндегі студенттердің үлгерімін қамтамасыз етудің ажырағысыз компоненті болып, ұтқырлыққа мүмкіндік туғызады. Танудың тиісті іс-шараларына кепілдік беру үшін, ЖОО:

    ● тану (мойындау) туралы Лиссабондық конвенция білім беру мекемесінің әрекетіне сәйкестікті қамтамасыз етуі;

    ● елдегі біліктіліктің салыстырмалы танылуын қамтамасыз ету мақсатында басқа білім беру мекемелерімен және ENIC/NARIC ұлттық орталықтармен бірлесе қызмет етуі.

    Студенттің оқуды бітіруі оқыту кезеңінің шарықтау шегін көрсетеді. ЖОО студенттердің оқудағы қол жеткізген нәтижелерін, сондай-ақ алған білімдерінің контексін, мазмұны мен мәртебесін қоса алғанда, олардың алған біліктіліктерін және оның аяқталуын куәландырумен растайтын құжаттармен оларды қамтамасыз етуі тиіс.

    Оқытушылық құрам

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың оларға өз оқытушыларының құзіреттілігіне кепілдік беретін барлық штаттың кәсіби өсуі мен дамуына және жалдауға арналған әділ әрі анық процестері болуы тиіс.

    Жоғары сапалы оқыту мен білімді, білік пен дағдыны меңгеруде оқытушы маңызды рөл атқарады. Студенттер контингентін әртараптандыру және оқыту нәтижелеріне қатаң бағдарлану студенторталықтандырылған ықпалды, сәйкесінше оқытушы рөлінің өзгеруін талап етеді.

    ЖОО өз қызметкерлерінің сапасы мен олардың нәтижелі жұмысы үшін қолайлы жағдай туғызуға басты жауапкершілік алады. Сондықтан ЖОО:

    ● Сабақ жүргізудің маңыздылығын мойындай отырып, қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың, лауазымға тағайындаудың, қызметте өсірудің, жұмыстан шығарудың айқын, ашық және әділ критерилерін дайындап өз қызметінде соны негізге алуы, орындауы;

    ● Қызметкерлердің жұмысын бағалаудың нәтижелерін, соның ішінде әріптестер мен студенттердің сауалнама нәтижесін назарға ала отырып профессорлық-оқытушы құрамның мансаптық өсуі мен кәсіби дамуына мүмкіндік туғызуы;

    ● Оқыту мен ғылыми зерттеулер арасындағы байланысты нығайту үшін ғылыми жұмысты марапаттауы;

    ● Сабақ жүргізудің инновациялық әдістері мен алдыңғы қатарлы технологияларын пайдалануды марапаттауы тиіс.

    Білім беру ресурстары мен студенттерді қолдау жүйесі

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқу ресурстары мен студенттерді қолдау қызметтерінің жеткілікті, қол жетімді және сәйкесті мақсаттарының болуына кепілдік беруі тиіс.

    Оқыту кезеңінде студенттерге материалдық тараптан (кітапханалар немесе компьютерлер) да, адам тарапынан (тәлімгерлер, кураторлар және басқа кеңес берушілер) да болатын білім ресурстары қажет. Қолдау қызметінің рөлі әсіресе, ішкі білім беру жүйесіндегі секілді жоғары білім берудің түрлі жүйелері арасында да студенттердің ұтқырлығын ынталандыру үшін маңызды.

    Білім беру ресурстарын тарату, жоспарлау және қамтамасыз ету барысында бұл қолдау қызметтері студенттердің түрлі топтарының (ересектердің, жұмыс жасайтындарының, сырттай бөлім студенттерінің, шетел студенттерінің, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі студенттердің) сұраныстарын ескеріп, студенторталықтандырылған оқытудың тенденциясын назарға алуы тиіс.

    Қосымша қызметтерді ұсыну кезінде басты рөл әкімшілік пен мамандандырылған қызметтерге тиесілі, сондықтан ЖОО қызметкерлердің кәсібилігі мен олардың біліктіліктерін арттыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі тиіс.

    Ақпаратты басқару

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ ЖОО-ның өз бағдарламаларын және өз қызметінің басқа бағыттарын нәтижелі басқаруға арналған сәйкесті ақпаратты жинайтынына, талдайтынына және қолданатынына кепілдік беруі тиіс.

    Расталған ақпарат – шешім қабылдауға арналған қажетті жағдай (шарт). ЖОО бұл ақпаратты нәтижелі жұмыс жасап жатқанын, жақсартуға мұқтаж екенін білу үшін қолдануы (пайдалануы) тиіс. ЖОО-ның өз бағдарламалары мен қызметі туралы ақпараттарды жинауға және талдауға арналған іс-шараларға ие екеніне және алынған мәліметтерді сапа кепілдігінің ішкі жүйесінің жұмысында қолданатынына сенім қажет.

    Қандай ақпарат жиналатыны кейбір дәрежеде білім беру мекемелерінің миссиясы түріне байланысты, бірақ ЖОО-лар келесілерді ескеруі тиіс:

    ● студенттердің контингенті туралы мәліметтерді;

    ● студенттердің үлгерімінің, жетістіктерінің және түлектерінің деңгейін;

    ● бағдарламаның іске асырылуына студенттердің қанағаттанушылығын;

    ● білім беру ресурстары мен студенттерге қолдау көрсететін қызметтердің қолжетімділігін;

    ● бітірушілердің жұмысқа орналасуын;

    ● ЖОО-ның өз қызметінің немесе олардың баламаларының басты көрсеткіштерін;

    Ақпарат жинаудың түрлі әдістері қолданылуы мүмкін. Студенттер мен қызметкерлердің ақпаратты жинау мен талдауға және содан кейінгі әрекетті жоспарлауға тартылғаны маңызды.

    Қоғамды (жұртшылықты) ақпараттандыру

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ айқын, дәл, объективті, өзекті және қолжетімді болуы тиіс өз қызметі (бағдарламаларды қоса алғанда) туралы ақпаратты жариялауы тиіс.

    ЖОО қызметі (жұмысы) туралы ақпарат талапкерлер мен студенттер секілді, басқа стейкхолдерлердің түлектері мен қалың жұртшылық үшін де пайдалы.

    Сондықтан ЖОО іске асыратын бағдарламаларын, осы бағдарламалар бойынша күтілетін оқу нәтижелері туралы ақпаратпен қоса, өз қызметтері, беретін біліктіліктері, сабақ жүргізу, оқыту, бағалау үрдістері, өту балдары мен студенттерге ұсынылатын оқу мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ, түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы ақпаратты ұсынуы тиіс.

    Бағдарламаларды тұрақты мониторингтеу (бақылау) және мерзімдік бағалау

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ бағдарламалардың өз мақсаттарына жететініне және студенттер мен қоғамның сұраныстарына жауап беретініне кепілдік беруі үшін ол бағдарламаларды мониторингтен және оларды мерзімдік бағалаудан өткізуі тиіс. Осы процесс нәтижелері бағдарламаларды тұрақты жетілдіруге әкелуі тиіс. Барлық мүдделі тұлғалар осы бағдарламаларға қатысты кез келген жоспарланған немесе қолданған әрекеттер туралы хабардар болуы тиіс.

    Білім беру бағдарламаларын тұрақты мониторингтеу, мерзімдік бағалау және қайта қарау олардың нәтижелі іске асуын қамтамасыз етіп, студенттерді оқытуға арналған қолайлы орта жасау (қалыптастыру) мақсатын көздейді.

    Бұл:

    · жүргізілетін пәннің өзектілігін қамтамасыз етуге арналған нақты пән бойынша ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделген бағдарлама мазмұнын;

    · қоғамның өзгермелі сұранысын;

    · студенттердің жүктемесін, үлгерімі мен шығарылымын;

    · студенттерді бағалау үрдістерінің нәтижелілігін;

    · студенттердің бағдарлама бойынша оқытудан күтетіндерін, сұраныстары мен қанағаттанушылығын;

    · білім беру ортасын және қолдау көрсету қызметтерін және олардың бағдарлама мақсаттарына сәйкестігін бағалаудан тұрады.

    Бағдарламалар жүйелі түрде бағалаудан өтеді және студенттерді және басқа стейкхолдерлерді тарту арқылы қайта қаралады. Жинақталған ақпараттар талданады, ал бағдарлама қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіріледі. Енгізілген өзгерістер жарияланады.

    Сыртқы сапа кепілдігінің мерзімдік іс-шаралары

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ Еуропалық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес жүйелі негізде сапа кепілдігінің сыртқы іс-шараларынан өтуі тиіс.

    Сапа кепілдігінің сыртқы іс-шаралары түрлі формада сапа кепілдігінің ЖОО-ішілік нәтижелілігін (тиімділігін) бағалауға мүмкіндік береді. Олар жаңа мүмкіндіктердің дамуы мен іске асуының катализаторы болып табылады. Олар сондай-ақ, білім беру мекемесі қызметінің сапасы туралы қоғамды ақпараттандырады.

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ сыртқы сапа кепілдігі іс-шараларына жүйелі түрде қатысуы тиіс, бұл қажет жерде заң әрекет ететін шеңберде заң талаптары ескеріледі. Сондықтан, контекске қарай сыртқы сапа кепілдігінің түрлі формасы болып, түрлі деңгейлерде (бағдарлама, факультет секілді) жүзеге асырылады.

    Сапа кепілдігі – сыртқы пікірді алумен, есеп жазумен немесе ЖОО-дағы әрекеттен кейінгі процестермен аяқталып (тәмамдалып) қана қоймайтын, үзіліссіз процесс. Сондықтан сыртқы сапа кепілдігінің соңғы үрдісі кезеңінде қол жеткізілген жетістікті ЖОО келесі үрдіске дайындық кезеңінде назарға алуға талпынуы тиіс.

    Сілтемелер

    1. Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі № 319-III (өзгертулер мен толықтырулары ескере отырып) «Білім туралы» заңы.

    2. Еуропалық кеңестіктегі жоғары білім сапасы кепілінің стандарттары мен ұсыныстары (ESG)

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз