Комплаенс-офицер

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер: Елеусінов Талғат Маратұлы

    Негізгі функциялары: «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ-да Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.

    Құқықтары мен міндеттері:

    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттар мен саясатты әзірлеу және өзектендіру;
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
    • мүдделер қақтығысын анықтау, бақылау және реттеу бойынша шаралар қабылдау;
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, сондай-ақ корпоративтік әдеп кодексінің сақталуын бақылау;
    • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
    • сыбайлас жемқорлық және/немесе оларға қатысу фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу;
    • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жұмыстарды үйлестіру;
    • өз құзыреті шегінде мемлекеттік бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу;
    • олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
    • сыбайлас жемқорлықтың болжамды немесе нақты фактілері, корпоративтік әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері жөніндегі басқа да ішкі саясат пен рәсімдерді бұзу фактілері бойынша жүгінген тұлғалардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша оқытушыларды, қызметкерлерді, білім алушыларды қабылдау кестесі:

    • күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
    • Мекен-жайы: ҚР, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 162, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, 8 корпус 104 кабинет.

    Байланыстар үшін:

    Сенім телефоны: 8 705 234 66 10

    Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері ережесі

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз