"Түрік тілі мен әдебиеті" кабинеті ашылды

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Түрік тілі мен әдебиеті» аудиториясы қолданысқа берілді. Жаңа кабинет заманауи материалдық-техникалық база, мультимедиялық тақта, түрік тілін оқуға арналған электронды және баспа оқулықтарымен жабдықталған. Іс-шараға БҚУ ректоры Н.Х.Сергалиев, Қазақстандағы Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) өкілі Фуат Ердогмуш, сондай-ақ университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты. Университет ректоры БҚУ-дың әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келе жатқанын, студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында шетелде білім алу мүмкіндігі беріліп отырғанын атап өтті. «Жаңа кабинет Түркия мен Қазақстанды байланыстыратын көпірге айналып, түрік тілін терең меңгеруге, сондай-ақ халықтарымыздың мәдениеті мен дәстүрлерін интеграциялауға мүмкіндік беретін алаң болады», – деп атап өтті университет басшысы. Фуат Ердогмуш жаңа аудитория студенттер арасында сұранысқа ие болатынына сенім білдірді: «Бұл кабинет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады – Түркияда білім алу, түрік компанияларында жұмыс істеу. Ең бастысы – ол елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етеді», – деді TİKA өкілі. Сондай-ақ ол тілдің қарым-қатынасты дамытудың ең маңызды құралы екенін және серіктестіктің жаңа көкжиектерін ашатынын атап өтті. Жаңа аудитория Қазақстандағы Түркия Республикасының Елшілігі мен Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің қолдауымен ашылды. Кабинет тіл білімі саласындағы мамандарды даярлаудың орталығына, ғылыми және мәдени ынтымақтастық алаңына айналмақ.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз