Оралдан Калифорнияға: БҚУ ғалымы әлемдік ғылымға қадам басты

    М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Сарсенова Әсемгүл Нұрсайынқызы халықаралық деңгейде аса беделді «Болашақ» бағдарламасының шәкіртақысын жеңіп алды.

    Тағылымдама аясында жас ғалым АҚШ-тың ең үздік жоғары оқу орындарының бірі – University of California, Davis университетінде ғылыми зерттеулер жүргізетін болады. Бұл университет Америка Құрама Штаттарының ең мықты 30 университетінің қатарына кіріп, әлемдік ғылыми қауымдастықта көшбасшы оқу орны ретінде танылған.

    Зерттеу жұмыстары UC Davis университетінің College of Biological Sciences факультетінде өтеді. Бұл факультет – АҚШ-тағы биологиялық ғылымдарға толығымен мамандандырылған санаулы дербес құрылымдардың бірі. Бүгінде ол биология, экология, табиғатты тұрақты пайдалану және биоалуантүрлілікті сақтау салаларындағы әлемдік көшбасшы мәртебесіне ие. Факультет заманауи зертханалармен, бірегей далалық станциялармен, геномдық зерттеу орталықтарымен жабдықталған.

    ? «Болашақ» бағдарламасы аясындағы тағылымдама – бұл академиялық мансаптағы жаңа белес қана емес, сонымен бірге әлемнің жетекші ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеуге берілген ерекше мүмкіндік.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз