М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры, б.ғ.к., профессор Нұрлан Серғалиев және Ресей театр өнері институтының (ГИТИС) ректоры, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Григорий Заславский өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл келісім Қазақстан мен Ресей арасындағы шығармашылық, ғылыми және білім беру байланыстарын дамытуға, сондай-ақ театр өнері саласындағы мәдени диалогты нығайтуға бағытталған. Меморандум аясында бірлескен жобалар, ғылыми-шығармашылық конференциялар, тағылымдамалар, мастер-кластар өткізу, сонымен қатар оқытушылар мен студенттер алмасуы жоспарлануда. «Бұл қадам – халықаралық әріптестікті дамытудың және шығармашылыққа құштар жастарды қолдаудың маңызды бастамасы» -, дейді білім ордаларының басшылары.
Жаңа деңгейдегі халықаралық серіктестік!
- Қаралды: 0




