«Студенттерді қабылдау кеші – 2025»

    Махамбет Университетінде ерекше көңіл-күй мен көтеріңкі атмосферада дәстүрлі «Студенттерді қабылдау кеші – 2025» өтті Жаңа оқу жылының ең жарқын әрі көптен күткен шарасы – бұл жастардың бір-бірімен жақынырақ танысып, нағыз студенттік өмірге алғашқы қадам басатын сәті. Кештің сахна төрінде әсем ән мен әсерлі би, көңілді ойындар мен шығармашылық нөмірлер ұсынылды. Арнайы қонақтар – DD Records орындаушылары JazzDauren, Alina Gerc өздерінің жарқын өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Олардың энергияға толы шоуы мен заманауи тректері залды дүр сілкіндіріп, студенттерге ұмытылмас әсер мен ерекше көңіл күй сыйлады. Кеш соңында аспанды нұрлы салют жарықтандырып, мерекенің шарықтау шегіне айналды.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз