Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Н. И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университетінің делегациясын қабылдады. Кездесу барысында төмендегідей құжаттарға қол қойылды:
- ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- «Батыс Қазақстан–Саратов трансшекаралық өңірінің геожүйелерінің биологиялық және ландшафтық алуан түрлілігі» тақырыбындағы бірлескен ғылыми зерттеу жөніндегі келісім.
Қонақтар БҚУ-дың зертханалық базасымен, ғалымдардың жетістіктерімен танысып, оқу телестудиясы мен университет мұражайын аралады. Бұл кездесу екі ел арасындағы ғылыми және академиялық байланысты нығайтып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға және халықаралық серіктестікті дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.





