«Заң және тәртіп – қоғам тұрақтылығы»

    БҚУ-да исламтанушы, теолог, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаевпен мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор кездесу өтті. Кездесу барысында «Заң және тәртіп» қағидатының қоғам өміріндегі рөлі, азаматтың жеке жауапкершілігі, құқықтық мәдениет пен тәртіпті сақтаудың ел тұрақтылығына ықпалы кеңінен талқыланды. Сонымен бірге рухани тәрбиенің маңызы, теріс діни ағымдардан сақтану, ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздік және жастардың саналы көзқарасын қалыптастыру мәселелері де көтерілді. Студенттер мен оқытушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер мен маңызды бағыт-бағдар алды. Бұл кездесу жастардың құқықтық және рухани мәдениетін нығайтып, ел тыныштығы мен қоғам тұрақтылығын сақтауға үлес қосатын саналы ұрпақ қалыптастыруға бағытталды.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз