БҚУ студенттерімен маңызды кездесу өтті!

    М.Өтемісов атындағы БҚУ-ға «Заң және тәртіп» қағидамасын ілгертуге бағыттталған іс-шаралар аясында Астана қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық істерге қатысу басқармасының бастығы Аймағанова Айжан Талғатқызы арнайы келіп, тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барасында:

    • Алқабилер қатысатын соттардағы айыптаудың нақты қалай жүргізілетіні;
    • Жүйеге енгізіліп жатқан ақпараттық өзгерістер;
    • Құқық қорғау саласындағы қазіргі трендтер;
    • Болашақ заңгерлерге қажет кәсіби кеңестер мен бағыттар сөз етілді.

    Болашақ сала мамандары атанбақ студенттер сұрақтар қойып, тәжірибеде болатын жағдайлар туралы пікір алмасты. Нақты мысалдар, өмірдегі жағдайлар, кәсіби көзқарас — бәрі ашық айтылды.

    Бұл кездесу жастарға не берді?

    — Кәсіби көзқарасты кеңейтеді

    — Заңды дұрыс түсінуге көмектеседі

    — Практикаға жақын ойлауды қалыптастырады

    — Прокуратура мамандарымен тікелей байланыс орнатады

    БҚУ заң саласына қызығатын студенттерге сапалы білім беруді ғана емес, шын өмірдегі құқықтық ортаны сезінуге мүмкіндік жасауды жалғастырады.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз