Соңғы екі айда университетімізде нағыз стартап рухы сезілді. Қатысушылар Коммерциализация орталығы және Astana Hub-тың өңірлік филиалы - Batys Hub-пен бірге идеядан бастап нақты өнімге дейінгі жолды өтті.
? Екі ай ішінде қатысушылар тәжірибелі мамандардан менторлық қолдау, кәсіби, тұлғалық және кәсіпкерлік өсім алды.
? Жобалар:
* HistHunt — студенттерге оқу мен ақпарат табуды жеңілдететін чат-бот.
* Jective — адамдарды, идеяларды және ресурстарды біріктіретін платформа.
* Mobiminds — оқу пәндерін тәжірибеге бағытталған форматта меңгеру.
* Uniclub — балаларды үйірмелер мен секцияларға тіркеуге арналған сервис.
* IQ — цифрлық кампус қосымшасы.
* Unistart — оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру құралы.
* ELVAC — электронды екпе паспорты.
? Startup Orda — жай ғана бағдарлама емес. Бұл Батыс Қазақстан жастарына өз болашағын бүгіннен бастап қалыптастыруға мүмкіндік беретін алаң. Осы бағдарлама арқылы өңірдің стартап-экожүйесі нығайып, жас инноваторларға жаңа мүмкіндіктер ашылуда.??
#БҚУ #StartupOrda #BatysHub #AstanaHub





