
2025 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері мен магистранттары халықаралық цифрлық білім беру платформалары арқылы онлайн-курстарды меңгеруге белсенді қатысты.
Coursera, Huawei және Lerna (Astana Hub) платформаларында іске асырылған бағдарламалар білім беру, технологиялар және инновациялық даму салаларындағы өзекті бағыттарды қамтыды. Нәтижесінде 8 806 білім алушы оқуын сәтті аяқтап, әлемнің жетекші университеттері мен халықаралық компаниялары ұсынған бағдарламаларды меңгергенін растайтын 12 328 сертификатқа ие болды. Сертификаттаудың 100% деңгейі халықаралық білім беру ресурстарын оқу үдерісіне тиімді енгізудің айқын көрсеткіші болып табылады.
Мукашева З.У.
қашықтан және онлайн оқыту орталығының жетекшісі
