Махамбет университетінде студенттерге арналған профилактикалық кездесу өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты — жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қазіргі қауіп-қатерлер туралы түсіндіру. Мамандар нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, заңсыз әрекеттердің салдары жөнінде нақты ақпарат берді. Студенттердің ерекше қызығушылығын кинолог мамандардың қызметтік иттермен жасаған көрсетілімі тудырды. Шараға 300-ге жуық студент қатысты. Қатысушылар мұндай ашық диалогтардың маңыздылығын атап өтті. Заңға құрмет — қауіпсіз болашақтың негізі.





