«Қысқы мектеп – 2026»

    5-9 қаңтар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде профессор-оқытушылар құрамы үшін дәстүрлі "Қысқы мектеп-2026" ұйымдастырылды. Бұл іс-шара университет оқытушылары үшін тәжірибе алмасу және кәсіби біліктіліктерін арттыру алаңына айналды.

    Университетте қысқы мектеп шеңберінде бірқатар іс-шаралар жалғасын тапты. ПОҚ жарияланымдарының сапасын арттыру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқыту семинарлары ұйымдастырылды Қысқы мектеп аясында университеттің құрылымдық бөлім басшылары өзекті тақырыптар бойынша оқыту семинарларын өткізді:

    1. «Выполнение плана развития ОП в части академической мобильности ППС и студентов в 2026 году».
    2. «Рейтинг пен аккредиттеудің жоғары оқу орындарының имиджіне, қаржыландыруына және халықаралық ынтымақтастығына әсері»
    3. «Action Research – педагогтің зерттеу қызметінің негізгі негіздері».
    4. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарының біліктілік сипаттамалары.
    5. «Coursera платформасында жаппай ашық онлайн-курстарды (MOOC) әзірлеудің негіздері».
    6. «Аймақтық кәсіптер атласын білім беру бағдарламаларына интеграциялау: құзыреттерді талдаудан микробіліктіліктерге дейін»

    Қысқы мектеп - тек білім берудің ғана емес, конструктивті диалог пен өзара іс-қимыл алаңы.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз