Мерейтойлық шара өтті

    2026 жылғы 19 қаңтар күні Тарих, экономика және құқық факультетінде Әлеуметтік ғылымдар білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты Мирбулат Суйеуович Нуртазиннің 70 жас мерейтойына орай «Білім беру мен мемлекеттік қызметтегі ізгі жол» атты мерекелік шара өткізілді.

    Мерекелік жиынға факультет оқытушылары, әріптестері мен қонақтар қатысты.

    Мерейтой иесіне арналған құттықтау сөздер М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Сулейменов Мерген Қуанышұлы, университеттің кәсіподақ комитеті атынан төраға Қажиахметов Салауат Абайұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшының орынбасары Хайров Дәурен Ерікұлы тарапынан айтылды.

    Шара барысында қатысушылар өздерінің саналы ғұмырын мемлекеттік қызмет пен білім беру саласына арнаған Мирбулат Суйеуовичтің өнегелі өмір жолы мен мол еңбек тәжірибесіне тоқталды. Ұстаздың ұрпақ тәрбиесі мен білім беру ісіндегі қажырлы еңбегі, кәсіби біліктілігі мен азаматтық ұстанымы ерекше атап өтілді.

    Сондай-ақ, Мирбулат Суйеуовичтің көптеген оқу құралдары мен ғылыми мақалалардың авторы ретінде факультеттің ғылыми дамуына қосқан елеулі үлесі айтылып, жас мамандарға үлгі боларлық тұлға екені атап көрсетілді.

    Мерейтой иесіне ыстық лебіздер мен ізгі тілектер арналып, шығармашылық табыс пен зор денсаулық тілегін білдірді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз