«Тарих – өмірлік таңдау» атты дөңгелек үстел өтті

    2026 жылғы 14 қаңтар күні Әлеуметтік ғылымдар білім беру бағдарламасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Агила Мустахимовна Нургалиеваның 75 жас мерейтойы мен ғылыми-педагогикалық қызметіне 50 жыл толуына орай «Тарих – өмірлік таңдау» атты дөңгелек үстел өтті.

    Мерейтойлық дөңгелек үстелге факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, шақырылған қонақтар, университет ардагерлері, түлектер, магистранттар мен студенттер қатысты. Іс-шара барысында өз саналы ғұмырын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде білім беру мен ғылым саласына арнаған, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан Агила Мустахимовнаның өмір жолы мен ғылыми-педагогикалық қызметі кеңінен баяндалды.

    Мерейтой иесіне арналған құттықтау сөздер М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ахмеденов Қажмұрат Мақсотович, университеттің кәсіподақ комитеті атынан төраға Қажиахметов Салауат Абайұлы тарапынан айтылды.

    Сонымен қатар, Агила Мустахимовнаның шәкірттері мен әріптестері – Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушылары: тарих ғылымдарының докторы Тасмагамбетов Асет Сембаевич, тарих ғылымдарының кандидаттары Абдрахманова Раиса Лесовна, Ерназаров Жаскайрат Тлеккабылович, Осипов Николай Иванович, сондай-ақ заң ғылымдарының кандидаты, адвокат Мереке Ғабдуалиев құттықтау лебіздерін білдірді.

    Іс-шара соңында сөз мерейтой иесі Агила Мустахимовна Нургалиеваға және оның жанұясына беріліп, барлық қатысушыларға көрсеткен құрметтері мен жылы лебіздері үшін алғыс айтылды.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз