М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Туремуратова Жансұлу Менешқызы — Батыс Қазақстан облысының Іскер әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, БҚО әкімінің гендерлік саясат жөніндегі қоғамдық кеңесшісі, Қазақстан Халық партиясы БҚО филиалы әйелдер қанатының жетекшісімен кездесу өтті. Кездесу барысында спикер өзінің кәсіби өмір жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, уақытты тиімді басқару, өзін-өзі дамыту, мансап құру және көшбасшылық қабілеттерді қалыптастыру мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау, әйелдер кәсіпкерлігіндегі мүмкіндіктер мен кездесетін сын-қатерлер туралы мазмұнды ойлар айтты. Іс-шараға студенттер, магистранттар және жас мамандар қатысып, ашық диалог форматында өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Кездесу жастарға мотивация беріп, кәсіби дамуға жаңа серпін сыйлады.


